Главная » 2026 » Январь » 12 » «Ертегілер ғажайып сыр шертеді»
11:42
 «Ертегілер ғажайып сыр шертеді»


Науырзым ауылдық  кітапханасында қысқы демалыс күндері «Ертегілер ғажайып сыр шертеді» -атты  саяхат өткізілді. Мақсаты- балаларды  ертегілер әлеміне тылысымына  жетелеп, оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау,қыс  мезгіліндегі табиғаттың таңғажайып өзгерістері жайлы білімдерін кеңейту және табиғатқа  деген сүйіспеншілік сезімін  ояту. Іс-шараға  тұрақты оқырмандар қатысып,ертегілерді дауыстап оқып ,олардың терең мағынасын талқылады.Кітап- адам бойындағы  ең  ізгі қасиеттерді қалыптастырып,рухани байып, жан-жақты дамуына зор ықпал ететін баға жетпес қазына.Сол  себепті баланы кішкнтайынан кітап оқуға баулу, оның әдебиетке деген  қызығушылығын ояту  аса маңызды. Қарапайымдылық, кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық  және үлкендерді құрметтер бала бойына кітап  арқылы біртіндеп сіңеді. Шара барысында  қатысушылар қазақ ертегілерін оқып,олардың мазмұнын жан жақты талдады.  Шара соңында оқырмандар өзі ойларымен бөлісіп арнай ұйымдастырылған кітап көрмесіндегі туындыларымен жақынырақ  танысты.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 9 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях