Главная » 2024 » Август » 22 » «Ертегі кейіпкерлерінің де құқығы бар» құқықтық бұрышы
11:15
 «Ертегі кейіпкерлерінің де құқығы бар» құқықтық бұрышы


Науырзым аудандық балалар кітапханасында оқырман залы оқырмандарымен «Ертегі кейіпкерлерінің де құқығы бар» атты құқықтық бұрышы болып өтті.
Мақсаты: оқырмандардың адам құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, ертегі кейіпкерлерін мысалға ала отырып құқықтық тәрбие беру.
Шара барысында кітапханашы балалар ертегілері уақыт өткізудің қызық амалы ғана емес, құқық туралы білім алу құралы да бола алатындығын түсіндірді. Адам құқықтарын, еліміздің Конституциясын ерекше сюжеттер пен бас кейіпкерлердің оқиғалары арқылы толығырақ жеткізді.
Кездесу соңында балалар «Золушка», «Бауырсақ», «Теремок» шығармаларында кездескен құқық бұзушылықтарды тауып, өз сөздерімен талдап берді.

В Наурзумской районной детской библиотеке прошел правовой уголок «Герои сказок тоже имеют права» с читателями читального зала.
Цель: расширить понимание читателями прав человека, научить каждого осознавать свое право и не нарушать чужое на примере сказочных героев.
В ходе мероприятия библиотекарь объяснила, что детские сказки могут стать не только забавным способом скоротать время, но и средством получения знаний о своих правах. Права из Конституции страны было подробно объяснено через необычные сюжеты и приключения главных героев.
В завершении встречи ребята находили и своими словами проанализировали правонарушения, с которыми столкнулись герои в произведениях «Золушка», «Колобок»,«Теремок».


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 28 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях