От кешіп, қан жұтқан соғыс жылдар өткен сайын бізден алыстауда.
Майдан мен тылдың аты аңызға айналған ардагерлер саны жыл сайын азаюда.
Бірақ олар жасаған Ұлы ерлік мәңгі ұрпақтың жадында және тарихымыздың ең құнды мұрасы - кітапта...
Өскелең ұрпаққа қанды отты жылдар шежіресінен сыр шертетін, әдеби, деректі,
тарихи кітаптарға назар аудартып, оқуға шақыру мақсатында
Шилі ауылдық кітапханасы «Ерлік даңқы - кітапта»тақырыбымен патриоттық кітап сағатын өткізді.
«Ер есімі - ел есінде» көрмесінде жазушылардың әр буыны жазған және соғыстың әр түрлі кезеңдерін қамтитын Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар ұсынылды.
Соғыс туралы кітаптар - нақты оқиғалардың рухани жалғасы. Шара қатысушылармен, Б.Момышұлы, С.Мұратбеков, Қ.Қайсенов, Ж. Самұратов, Н.Домбай, Ш.Мұртаза, Ж.Жабаев, М.Мақатаев, С.Мәуленов сынды жазушылардың шығармаларын талқылап, кейіпкерлердің тағдыры туралы сөз қозғалды.
Көрмедегі әр кітап - Ұлы Отан соғысының тынысын сезінуге шақырып, қанды соғыстың қатыгез бейнесін көрсетіп, соғыс туралы шындықты сүйемелдейтіні атап өтілді.
С каждым годом все дальше от нас уходит героические и трагические годы Великой Отечественной войны.
Эхо войны, подвиги героев продолжают жить в памяти народа и конечно же в книгах, которые по праву являются величайшими хранителями памяти поколений.
С целью патриотического воспитания подрастающего поколения, с целью пропагады художественной, исторической и документальной литературы военной тематики Шилинская сельская библиотека провела час патриотических книг «Ерлік даңқы - кітапта»
На выставке «Ер есімі - ел есінде»
представлены книги о Великой Отечественной войне, написанные разными поколениями писателей и поэтов и освещающие разные этапы войны.
Книги о войне - это духовное продолжение реальных событий, которые хранят мысли и чувства тех, кто сражался за мирное время...
С участниками мероприятия вспоминали краткое содержание произведений С.Муратбекова, К.Кайсенова, Ш. Мұртаза, Н.Домбай, Б.Момышулы, Д.Джабаева, С.Мауленова, где каждый прикоснулся к истории, проходил вместе с героями трудности и лишения войны, скорбя о погибших и гордясь подвигами солдат и простого народа.
Каждое произведение, каждая книга, представленная на выставке приглашает читателя пройти по суровым тропам и прочувствовать эхо войны, строка за строкой знакомясь с бесценным наследием - правде о войне...
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|