
Науырзым ауылдық кітапханасында «Еріктілер мақтан естіледі» акциясы өткізді. Мақсаты - дүниенің бір бөлігін мейірімге толтыруға ат салысып жүргендердің істеген істері ерлікке пара-пар екендігін өскелең ұрпаққа жеткізу.
Іс- шара барысында оқырмандарға ерікті болу үшін қандай болу керек екенін топта талқылап, өз ойларымен бөлісті.
«Еріктілік - қоғамнан ақшалай сыйлық алмай басқаларға көмектесу емес, бұл жүрегіңнің түбінен шығатын жылулық. Еріктілік жүректен шықса ғана басқаларға көмегін тигізеді. Еріктіде ерліктің үлгісі бар демекші ерікті болу үшін де батылдық керек. Адамдарға өз еркімен көмек беріп, қоғамның дамуына өз үлесін ешқандай сыйақысыз қосатын адамдар қоғамымыздың айнасы. Еріктілер саны көбейген сайын еліміз де көркейе беретіні сөзсіз».
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|