16:55 | |
|
Раздольный ауылдық кітапханасы "Экран мен сахнадағы мәңгілік образдар" Асанәлі Әшімовты еске алу кешін өткізді. Өнер – халықтың рухани жадында мәңгі сақталатын құндылық. Қазақтың киносы мен театрының алтын қорында өшпес із қалдырған өнер саңлақтарының бейнелері – уақытпен бірге жаңғырып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келеді. Бүгінгі «Экран мен сахнадағы мәңгілік образдар» атты еске алу кеші – қазақ өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан, көрермен жүрегінен мәңгі орын алған талант иелеріне тағзым етуге арналған. Олар сомдаған кейіпкерлер экран мен сахнада ғана емес, халықтың жүрегінде өмір сүріп келеді. Өнер иелері өз рөлдері арқылы адамгершілік, адалдық, отансүйгіштік, елге қызмет ету сынды асыл құндылықтарды дәріптеді. Әрбір кейіпкер – бір тағдыр, әрбір образ – бір дәуірдің көрінісі болды. Сол арқылы олар ұлттық мәдениетіміздің биік белесіне айналды. Еске алу кеші барысында көрнекті актерлердің өмір жолы мен шығармашылығы туралы сыр шертіліп, сахна мен экранда жасалған мәңгілік образдардан үзінділер көрсетіледі. Бұл – өткенге тағзым, өнерге құрмет, ұрпаққа үлгі. Өнерлі жандардың жарқын бейнесі мен рухани мұрасы мәңгі жасай бермек. Экран мен сахнада сомдалған өлмес образдар – қазақ мәдениетінің баға жетпес қазынасы.Алтыншы сынып оқушылармен өткізілді, кітаптары қойылды. | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
