
Науырзым ауылдық кітапханасында «Егемен елдің жастары» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың Отанға деген патриоттық сезімін ояту, елге сүйіспеншілік пен елжандылыққа тәрбиелеу.
Қазақстандық патриотизмнің негізінде халқымыздың асыл қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, үлкенді сыйлау, ата-баба мұрасын ұмытпай сақтау, салт-дәстүрден нәр алу, инабаттылыққа баулу, жақсы мен жаманды ажырата білу, аталы сөзден ғибрат алу жатыр.
Абай атамыз «Азаттық пен тыныштық – көксегенім» деп жырлағандай, қазіргі қазақ қоғамына ең қажет дүние – бейбітшілік пен татулық. Сондықтан әр азамат осы екі құндылықтың қадірін біліп, оны сақтауға күш салуы керек. Өйткені біз – бақытты ұрпақпыз, ал жарқын болашақ өз қолымызда.
Кеш барысында жастар өз жетістіктерін таныстырып, шығармашылыққа деген қызығушылықтары туралы әңгімеледі.
В Наурзумской сельской библиотеке прошёл круглый стол «Егемен елдің жастары» («Молодёжь независимой страны»). Цель мероприятия – пробудить у подрастающего поколения патриотические чувства, воспитать любовь к Родине и приверженность национальным ценностям.
Основу казахстанского патриотизма составляют уважение к старшим, бережное отношение к наследию предков, опора на традиции и обычаи, воспитание скромности и умения отличать добро от зла, а также следование мудрым наставлениям.
Как сказал Абая Кунанбайулы: «Свобода и мир – моё стремление». Сегодня для казахского общества особенно важны мир и согласие. Каждый гражданин должен ценить эти два богатства и стремиться их сохранять. Мы – счастливое поколение, а наше светлое будущее в наших руках.
В ходе вечера молодёжь представила свои достижения и рассказала о своём интересе к творчеству.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|