Главная » 2025 » Май » 1 » "Достық – біздің тірегіміз" әдеби шеңбері
10:21
 "Достық – біздің тірегіміз" әдеби шеңбері


Шолақсай ауылдық кітапханасы мен Мәдениет үйінің қызметкерлері "Достық – біздің тірегіміз" атты әдеби шеңбер ұйымдастырды. Іс-шараға бастауыш сынып оқушылары шақырылды. Бұл әдеби басқосу балаларға достық, бірлік, ұлттар арасындағы татулық туралы түсінік беруді мақсат етті.
Шара барысында достықтың маңыздылығы мен адам өміріндегі орны туралы қысқаша әңгімелеп берілді. Содан кейін оқушылар достық туралы мақал-мәтелдер айтып, тақырыпқа сай өлеңдер оқыды.  Іс-шараға қатысқан балалар әр түрлі ұлттардың ұлттық киімдерін киіп келді. Бұл киімдер балалардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырды және түрлі халықтардың ерекшеліктерін таныстыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, балалар үшін қызықты ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Олардың арасында "Ручеек", "Асық ату", "Сақина салу" сияқты дәстүрлі ұлттық ойындары болды. Балалар ойындарға белсене қатысып, бір-біріне қолдау көрсетті. Бұл ойындар достық пен ауызбіршілікті нығайта түсті.
Шара оқушылардың жүрегіне достық, татулық, бірлік туралы жылы сезім ұялатып, олардың мәдени танымын кеңейтті.

Сотрудниками Шолаксайской сельской библиотеки и Дома культуры  был организован литературный глобус «Дружба — наша опора». На мероприятие, посвященному к Дню единства народов Казахстана были приглашены учащиеся начальных классов. Целью встречи стало воспитание у детей понятия о дружбе, единстве и межнациональном согласии. В ходе мероприятия  дети ознакомились о значении дружбы и её важности в жизни человека. Затем ученики читали пословицы и стихи о дружбе. Участники мероприятия пришли в национальных костюмах разных народов. Эти костюмы вызвали интерес у детей к национальной культуре и позволили ближе познакомиться с традициями разных народов.
Также были организованы увлекательные национальные игры для детей. Среди них были национальные игры, как «Ручеек», «Метание асыков», «Передай кольцо». Дети с удовольствием принимали участие в играх, поддерживая друг друга. Эти игры способствовали укреплению дружбы и сплочённости. В завершение  литературный глобус «Дружба — наша опора» оставил в сердцах школьников тёплые чувства о дружбе, согласии и единстве, расширил их культурный кругозор.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 24 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях