Главная » 2026 » Март » 16 » «Болашаққа бір қадам»
18:57
 «Болашаққа бір қадам»


Аудандық балалар кітапханасында «Болашаққа бір қадам» атты интеллектуалды сайыс өткізілді. Сайыс кітапханаға келген оқырман балалар арасында ұйымдастырылды.
Сайыс барысында балалар логикалық сұрақтарға жауап беріп, түрлі сөзжұмбақтар мен жұмбақтарды шешу арқылы өз білімдері мен ойлау қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар қатысушылар «Ақ желкен» журналынан алынған сөзжұмбақтарды қызығушылықпен шешті.
Мұндай интеллектуалды сайыстар балалардың логикалық ойлауын, зейінін, тапқырлығын және есте сақтау қабілетін дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, білімін кеңейтуге, өз ойын еркін жеткізуге және бір-бірімен пікір алмасуға мүмкіндік береді.

В районной детской библиотеке была проведена интеллектуальная игра «Один шаг в будущее». Мероприятие было организовано среди детей-читателей, посетивших библиотеку. Во время игры дети отвечали на логические вопросы и решали различные кроссворды и загадки, демонстрируя свои знания и умение мыслить. Также участники с интересом разгадывали кроссворды из журнала «Ақ желкен». Подобные интеллектуальные игры помогают развивать у детей логическое мышление, внимательность, находчивость и память. Кроме того, они повышают интерес к чтению, расширяют кругозор, учат свободно выражать свои мысли и обмениваться мнениями друг с другом.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 5 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях