
Раздольный ауылдық кітапханасында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ауыл жастары, кітапхана қызметкерлері мен қоғам белсенділері қатысты.
Мақсаты: жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және адалдық құндылығын дәріптеу.
Кездесуде қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны туралы пікір алмасты. Жастар белсенділік танытып, өз ойларын ашық жеткізді.
Кітапхана меңгерушісі іс-шараның маңыздылығын ерекше атап өтіп:
— Бұл кездесулер жастардың бойында әділеттілік пен азаматтық сана қалыптастырады. Әрбір жас парақорлықпен күресте бейжай қалмай, адалдықты ту етуі керек, — деді.
Іс-шара соңында қатысушылар «Адал ұрпақ – жарқын болашақ» ұранын бір ауыздан қолдап, сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құруға үлес қосуға уәде берді.
В сельской библиотеке села Раздольное прошёл круглый стол на тему «Мы против коррупции». В мероприятии приняли участие сельская молодежь, сотрудники библиотеки и активные члены общества.
Цель: сформировать у молодёжи антикоррупционное мышление, повысить правовую грамотность и продвигать ценности честности.
Во время встречи участники обсудили, какой вред коррупция наносит обществу. Молодёжь проявила активность, делясь своими мыслями.
Библиотекарь подчеркнула важность таких встреч:
— Эти мероприятия формируют у молодёжи чувство справедливости и гражданскую сознательность. Каждый молодой человек должен бороться с коррупцией, начиная с себя и делая честность своим принципом.
В завершение все участники единогласно поддержали лозунг «Честное поколение — светлое будущее» и пообещали вносить вклад в построение общества без коррупции.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|