Главная » 2024 » Январь » 17 » «Бердібек Соқпақбаев – дала жұлдызы»
11:37
 «Бердібек Соқпақбаев – дала жұлдызы»


«Бердібек Соқпақбаев – дала жұлдызы»
Елімізде республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады. 
2024 жылғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы балалар жазушысы, сценарийші Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаевтың шығармашылығына арналды. Осыған орай аудандық орталық кітапханада «Бердібек Соқпақбаев – дала жұлдызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Бердібек Соқпақбаев – ерекше дарынды жазушы. Кітап көрмесінде оның «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат» секілді керемет әңгімелері мен повестері, «Шығармалары» үш томдығы «Бердібек Соқпақбаев туралы естеліктер», «Өлгендер қайтып келмейді» романы қойылған. Кітап көрме оқырмандарды жазушының шығармаларымен жүйелі түрде таныстырады. Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығымен 2024 жыл бойы жұмыс істейтін көрмеге қойылған кітаптар арқылы танысуға болады. Соқпақбаевтың көптеген шығармалары жас оқырмандарға арнап жазылған.

 

«Бердібек Соқпақбаев – дала жұлдызы»
Республиканская акция «Одна страна – одна книга " проводится благодаря стараниям Национальной академической библиотеки РК с 2007 года. Цель акции- популяризация казахской литературы, повышение интереса общества к чтению, развитие исследовательского интереса к изучению литературного наследия Казахстана, а также способствовать интеллектуально — духовному развитию подрастающего поколения. Кроме того, акция способствует дальнейшему повышению интереса общества к отечественной литературе, в том числе к классике, современной литературе и поэзии.
В рамках республиканской акции «Одна страна – одна книга» 2024 год посвящён творчеству детского писателя, сценариста Бердибека Ыдырысовича Сокпакбаева. В районной центральной библиотеке оформлена книжная выставка «Бердібек Соқпақбаев – дала жұлдызы».
Бердибек Сокпакбаев – писатель особого таланта. На книжной выставке представлены его замечательные рассказы и повести: «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Әжесінің баласы», трехтомник «Шығармалары», роман «Өлгендер қайтып келмейді». Выставка  последовательно познакомит читателей с произведениями писателя. Многие произведения Сокпакбаева написаны для юных читателей. Познакомиться с творчеством Бердибека Сокпакбаева вы можете, посетив книжную выставку, которая будет экспонироваться в течение всего 2024 года.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 415 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях