Науырзым ауылдық кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, сөз зергері Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері» атты кітап акциясы өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқырмандарды жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, олардың ой-өрісін кеңейту, әдебиетке деген қызығушылығын ояту және адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Шара барысында Бейімбет Майлиннің әдеби мұрасына шолу жасалды. Қатысушылар оның шығармалары туралы пікір алмасып, жазушының қазақ әдебиетіндегі орны мен маңыздылығы жөнінде өз ойларын ортаға салды.
Бейімбет Майлин – қазақ әдебиетінің негізін қалаған көркем сөз шеберлерінің бірі. Ол поэзия, проза, драматургия жанрларында қажырлы еңбек етіп, көркемдік құндылығы жоғары әрі тәрбиелік маңызы зор мол мұра қалдырды.
Іс-шараға тұрақты оқырмандар белсене қатысты. Олар жазушының шығармаларынан үзінділер оқып, тақырыпқа байланысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, шара барысында қатысушылардың белсенділігі жоғары деңгейде байқалды.
Атаулы акция оқырмандарға қазақ әдебиетінің ұлы тұлғасын танып-білуге мүмкіндік беріп, олардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға өз үлесін қосты.
В Наурзумской сельской библиотеке состоялась книжная акция под названием «Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері», посвящённая 130-летию со дня рождения выдающегося представителя казахской литературы, мастера слова Бейимбета Майлина.
Цель мероприятия – познакомить читателей с жизнью и творчеством писателя, расширить их кругозор, пробудить интерес к литературе и воспитать человеческие ценности.
В рамках мероприятия был проведён обзор литературного наследия Бейимбета Майлина. Участники обменялись мнениями о его произведениях, обсудили значение и место писателя в казахской литературе.
Бейимбет Майлин – один из основоположников казахской литературы и мастер художественного слова. Он трудился в таких жанрах, как поэзия, проза и драматургия, оставив богатое наследие, отличающееся высокой художественной ценностью и значительным воспитательным потенциалом.
В мероприятии активно участвовали постоянные читатели. Они зачитывали отрывки из произведений писателя, отвечали на вопросы, связанные с темой, и демонстрировали высокую вовлечённость.
Данная акция предоставила читателям возможность ближе познакомиться с выдающейся личностью казахской литературы и способствовала росту их интереса к литературе.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|