Бүгін аудандық кітапханада Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына, Қазақстан халқы ассамблеясының 26 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне орай "Бейбітшілік пен келісім- Тәуелсіздіктің басты жетістіктері" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында Қазақстан мемлекеттілігі тарихының өзекті мәселелері, тәуелсіздік жағдайындағы еліміздің даму стратегиясы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, ұлтымыздың көшбасшысының жасаған маңызды қадамдары жайлы айтылды. Сонымен қатар өз ауданымыздың Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктері жөнінде пікір алмасты.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|