Жыл сайынғы дәстүр бойынша 1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай орталық алаңда өткен мерекелік бағдарламада Науырзым аудандық балалар кітапханасы «Балалар әлемі» ойындар мерекесін өткізді.
Мейрамның негізгі мақсаты қоғамның назарын балаларға аудару, балаларға мерекелік көңіл-күй мен естелік болатын қуаныш сыйлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Шара барысында «Бейнесін құра» нейро ойыны, «Қызықты баскетбол» сайысы ойнатылып, «Смешарики» кейіпкерлерімен фото-селфилар түсірілді.
Сонымен қатар, асфальтта «Қиялдар тоғысуы» тақырыбында балалармен сурет байқауы өткізіліп, суретші бүлдіршіндерге сыйлықтар табысталды. Әр ойынға қатысушы бала ойыншықтар мен тәттілер иегеріне айналды.
По ежегодной традиции в праздничной программе на центральной площади приуроченного на 1 июня - к Международному дню защиты детей, Наурзумская районная детская библиотека провела детскую тусовку «Мир детства».
Основная цель праздника - привлечь внимание общественности к детям, подарить им праздничное настроение, радостное воспоминание и развить творческие способности.
В ходе мероприятия была разыграна нейро-игра «Собери образ», «Интересный баскетбол», а также, снимки-селфи с персонажами «Смешариков».
Далее, на асфальте был проведен конкурс рисунков с детьми «Точка фантазий», где детям-художникам были вручены призы. Все дети, участвовавшие в каждой игре, стали обладателями игрушек и сладостей.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|