Главная » 2025 » Март » 27 » «Бақ берекем, құт берекем әз-Наурыз» ертеңгілік
11:02
 «Бақ берекем, құт берекем әз-Наурыз» ертеңгілік


Наурыз мейрамы қарсаңында Жамбыл негізгі мектебінің 4-сынып оқушыларымен «Бақ берекем, құт берекем әз-Наурыз» атты мерекелік ертеңгілік өтті. Шараға арнап «Ұлы мейрам – Наурыз» атты көркем безендірілген көрме-инсталляция дайындалды.
Мақсаты – балаларды Наурыз мейрамы тарихымен таныстыру, отанына деген мақтаныш сезімін ояту, халқымыздың дәстүрі мен әдет-ғұрпын білуге әрі құрметтеуге баулу. Залда «Наурыз думан» әні шырқалып тұрды. Жүргізуші балаларды жылы лебізімен қарсы алып, мерекемен құттықтады. Оқушыларға Наурыздың қалай тойланатыны, бұл күні кімдер келетіні, қандай дәстүрлер сақталғаны жайлы айтылды.
Наурыз – мейірім мен шаттықтың, табиғаттың жаңару мейрамы. Бұл – шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылдың бастауы. Дәстүр бойынша әже «Шашу» рәсімін өткізді. 4-сынып оқушылары көктем мен Наурыз туралы өлеңдер оқып, «Көктем мерекесі» викторинасына белсене қатысты. Сонымен қатар, қазақтың ұлттық ойындары: «Арқан тартыс», «Білектесу» сайыстарында бақ сынап, «Қара жорға» биін орындады.
Ақ жаулықты әже  Наурыз мейрамының басты асы – наурыз-көже жайлы әңгімеледі. Шара соңында мерекелік дастархан жайылып, қатысушылар наурыз-көже мен бауырсақтан дәм татты.

В предверие праздника Наурыз мейрамы с учащимися 4-х  классов Жамбылской ООШ  провели утренник «Бақ берекем, құт берекем әз-Наурыз».  К мероприятию была оформлена ярко-иллюстрированная выставка-инсталяция «Великий праздник – Наурыз». Цель мероприятия: познакомить детей с историей праздника Наурыз, воспитывать чувство гордости за свою страну, знать и уважать традиции и обычаи своего народа.В зале звучала музыка «Наурыз думан». Ведущая встретила ребят со словами приветствия и поздравления. Рассказали как встречают Наурыз, кто приходит в праздник, какие традиции хранит этот праздник. Наурыз – праздник добра и счастья, праздник обновления природы. Это начало Нового года по-восточному календарю. Затем по традиции  Аже провела  обряд «Шашу». Учащиеся 4 класса прочитали стихи о весне, о Наурыз. Приняли активное участие в викторине «Праздник Весны». Дети приняли участие в казахских национальных играх:  «Арқан тарту», «Білектесу» исполнили танец «Қара жорға». Аже рассказала о главном угощениии праздника – наурыз-коже.  Закончилось мероприятие за  праздничном дастарханом  отведали наурыз коже, баурсаки.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 28 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях