09:50 | |
|
Науырзым ауылдық кітапханасында «Қазақтың ұлы ағартушысы, кемеңгер ұстаз Ы.Алтынсарин» тақырыбында кітап көрмесіне шолу болып өтті. Кітап көрмесінің мақсаты оқырмандарға ақынның әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, өлеңдеріне қызығушылық ояту. Іс-шара барысында оқырмандар Ыбырай Алтынсариннің жеке басы мен қызметі туралы өз ойларымен бөлісті. Көрмеге белсенді оқырмандар мен 6 сынып оқушылары қатысты.
| |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
