Главная » 2025 » Апрель » 21 » «Қазақтың көрнекті ғалымы – Шоқан Уәлиханов» танымдық сағаты
16:03
 «Қазақтың көрнекті ғалымы – Шоқан Уәлиханов» танымдық сағаты


Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835–1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда дүниеге келген демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Ол — шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы.
Науырзым ауылдық кітапханасында ұлтының ұлылығын әлемге әйгілеген ұлы ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Қазақтың көрнекті ғалымы – Шоқан Уәлиханов» атты танымдық сағат өтті. Әлемдік ғылыми қауымдастық мойындаған санаулы ғана тұлғалар арасында Шоқан Уәлиханов та бар.
Іс-шараның мақсаты — Шығыстың жарық жұлдызы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, оқырмандар бойында туған жерге, елге деген патриоттық сезімді қалыптастыру. Кітапханашы қазақ халқының ұлы ойшылы, ұлттық мақтанышы, тұңғыш ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы жайында әңгімеледі.
Оқырмандар ғалымға арналған өлеңдерін оқып, өмірі мен еңбектері бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Іс-шара соңында «Ұлы даланың асыл перзенті» атты кітап көрмесімен танысты.

Казахский учёный Шокан Уалиханов (1835–1865 гг.) родился в крепости Кушмурун. Имя, данное при рождении, было Мухаммед-Канапия, а Шокан — так назвала его мать. Чокан Чингисович Валиханов (1835–1865) — великий казахский учёный-востоковед, историк, этнограф, географ, фольклорист, переводчик, журналист, путешественник. Родился в 1835 году в крепости Кушмурун недалеко от Кустаная. Детство Чокана прошло в родовом имении бабушки Айганым в Сырымбете.
В Наурзумской сельской библиотеке был проведён познавательный час, посвящённый 190-летию со дня рождения Шокана Уалиханова. Цель — познакомить с жизнью и творчеством, развивать устную речь учащихся, учить высказывать свою точку зрения как личности мирового значения.
В ходе мероприятия было сказано о жизни и творчестве Шокана Уалиханова. Завершилось мероприятие обзором книжной выставки «Ұлы даланың асыл перзенті».


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 35 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях