Өлеңді ауылдық кітапханасы балалар әдебиеті жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Қазақтың дара жазушысы – Бердібек Соқпақбаев» атты әдеби аялдама жүргізді.
Іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.
Аялдама мақсаты: оқырмандарды жазушының туындыларымен таныстыру, балалар әдебиетін насихаттап, жасөспірімдерді кітап оқуға баулу.
Кездесу барысында жазушының өмір жолы қысқаша баяндалып, ең үздік туындылары таныстырылды. Соның ішінде француздың әйгілі Канн фестивалінде «Балаларға арналған ең үздік шетел фильмі» номинациясын жеңіп алған « Менің атым - Қожа» туындысы оқырман назарын баурап алды.
Өздерін Қожамен салыстырып, басқа да кейіпкерлер жайында өз ойларымен бөлісті.
Жазушының «Балалық шаққа саяхат», «Жекпе – жек» сынды туындылары да оқырман назарынан тыс қалмады.
К 100-летию детского писателя Бердибека Сокпакбаева в Улендинской сельской библиотеке прошла литературная остановка под названием «Қазақтың дара жазушысы – Бердібек Соқпақбаев».
В мероприятии приняли участие постоянные читатели библиотеки.
Цель мероприятия – познакомить читателей с творчеством писателя, популяризировать детскую литературу, побудить подростков к чтению книг.
В ходе мероприятия был кратко рассказан жизненный путь писателя и представлены его лучшие произведения. Среди них внимание читателей привлекла работа «Менің атым - Қожа», победившая в номинации «Лучший иностранный фильм для детей» на знаменитом французском Каннском фестивале. Читатели сравнивали себя с Қожа и поделились своими мыслями о других персонажах знаменитой книги.
Не остались без внимания читателя такие произведения писателя, как «Балалық шаққа саяхат», «Жекпе – жек».
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|