Главная » 2024 » Август » 19 » «Қазақстанда тың игеру жылдары – тарихи дерек көздерінен» кітап көрмесі
15:10
 «Қазақстанда тың игеру жылдары – тарихи дерек көздерінен» кітап көрмесі


Өлеңді ауылдық кітапханасы тың және тыңайған жерлерді игерілу науқанының 70 жыл толуына орай «Қазақстанда тың игеру жылдары – тарихи дерек көздерінен» тақырыбында көркем суретті кітап көрмесі ұйымдастырды.
Іс-шара мақсаты: ауыл-шаруашылық саласындағы өзгерістер, демографиялық өзгеріс және тың және тыңайған жерлерді игеру саясатын түсіндіру.
Іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. 
Шара барысында тың игеру – бұл ХХ ғасырдың әлемдік тарихта теңдесі жоқ орасан зор әлеуметтік-экономикалық жоба екендігі айтылды.  
Қысқа тарихи мерзімде Қазақстанның көптеген аудандарында экономика, білім, денсаулық сақтау, мәдениет саласын қалыптастыру, қуатты кадрлар мен ғылыми әлеуметті қалыптасырғаны жөніде айтылған ақпарат кітап парақтарындағы суреттер арқылы жеткізілді. Астықты Қостанай өлкесінің аңыз адамы – Кәмшат Дөненбаева Туралы сөз қозғалды. «Life» журналының  тілшісі Говард Сохуректің түсірген фотосуреттері талқыланды. Қостанай қаласында орналасқан, ЮНЕСКО қорғауына алынған «Тың игерушілер» монументі тарихы туралы ақпарат берілді.
Кітап көрмесінде А. Ермолович, В Захарченко, Л. Фефелова, Г.Бехмухамбедованың «Истории строки», А. Тарасенконың «Тың шежіресі», Ө. Шөкеев, Б. Баймағамбетова Ж. Үмбетов, Ғ. Ахметчин, Н. Дегтяровтың «Қостанай Целинный» кітабы және ауыл шаруашылық саласынан кітаптар оқырман назарына ұсынылды.

К 70-летию по освоению Целины Улендинская сельская библиотека организовала книжную выставку под названием  «Қазақстанда тың игеру жылдары – тарихи дерек көздерінен».
Цель мероприятия: объяснить изменения в аграрном секторе, демографические изменения и политику освоения целины.
В мероприятии приняли участие постоянные читатели библиотеки.
В ходе мероприятия было сказано, что развитие Целины – это огромный социально-экономический проект, не имеющий аналогов в мировой истории 20 века. Через фотографии была передана информация о становлении экономики, образования, здравоохранения, культуры, сильных кадров и научного общества во многих регионах Казахстана за короткий исторический период.
Обсуждалась трудовой подвиг легенды Костанайской области - Камшат Доненбаевой. Фотографии, сделанные корреспондентом журнала «Life» Говардом Сохуреком, были представлены вниманию читателям.
Была предоставлена информация об истории памятника «Тың игерушілер», расположенного в городе Костанае, охраняемого ЮНЕСКО.
На организованной книжной выставке читателям были представлены книги  Ермоловича А., Захарченко В., Фефелова Л., Бехмухамбедовой Г. «Истории строки», Тарасенкой А. «Тың шежіресі», Шөкеева ., Баймагамбетовой Б.,  Умбетовой Ж., Ахметчина Г., Дегтярова Н., «Қостанай Целинный» и книги из области сельского хозяйства.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 36 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях