Главная » 2023 » Август » 29 » «Қазақстан Республикасы Конституциясы –елдің ата-заңы»
12:01
 «Қазақстан Республикасы Конституциясы –елдің ата-заңы»


29 тамыз  Қазақстан республикасының Конституция күніне орай аудандық орталық  кітапханасы  «Қазақстан Республикасы Конституциясы –елдің ата-заңы» тақырыбында құқықтық ақпарат өткізді. Кез келген мемлекет азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын анықтайтын негізгі құжат – Ата Заңы. Қазақстан Республикасы үшін де аса маңызды саналатын ел құжаты бүгінде мемлекет бірлігі мен тұтастығының ұстанымына айналған. Ата заң – бұл адамның құқықтары мен бостандығының сақталуының сенімді кепілдігі, сондай-ақ мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі.
Іс- шарамызға Науырзым ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Ералы  Сатбалдин бастауымен аудандық полиция бөлімі қызметкерлері қатысты. Іс-шараның мақсаты: Ата Заңның  бағасын білу, еліміздің басты  құжатын құрметтеуге және ұғым түсініктерін қалыптастыру, онда бекітілген  негізгі міндеттері мен құқықтары атты тараулармен таныстыру.  Ата Заңға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу, отанға, халыққа адал қызмет етуге, еліміздің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп құрметтеуге, халқымыздың тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Аталған шараға белсенді қатысқан, сұрақтарға нақты жауап бере білген Даурен Нурсейтов көзге түсті. Сонымен қатар іс-шара соңында Ералы  Сатбалдин Конституция күнімен құттықтап, ақжарма лебзін білдірді.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 85 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях