Главная » 2024 » Март » 1 » «Қазақстан - бақыт мекені» кездесу кеші
10:23
 «Қазақстан - бақыт мекені» кездесу кеші


Шолақсай ауылдық кітапханасында Алғыс айту күніне және тың жерлерді игерудің 70 жылдығына арналған «Қазақстан - бақыт мекені» атты кездесу кеші өтті.  
Кездесу қонағы ретінде ауылдың қариялары, тың игерушілердің балалары мен немерелері шақырылып, кітапханашы тың игерудің рөлі, бірегей тарихи процестің нәтижелері мен әйгілі тың дәуірінің ерліктері туралы ақпарат берді.  
Шолоховтың «Поднятая целина» атты романынан үзінділер оқылды.
Қатысушылар Ресейден, Украинадан, Молдовадан, Белоруссиядан келген  ата-аналары туралы естеліктермен бөлісіп, олардың әрқайсысының тағдыры сол заманмен, қонақжай қазақ халқымен байланысып, Қазақ елі олар үшін екінші Отанына айналғанын жеткізді.  Оқырмандар назарына  «Тың игерушілерге мың алғыс!» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылып, онда кітаптар, альбомдар және фотохроника: «Өткен жылдар мен оқиғалардың айғақтары» ұсынылды.
Кеш соңында кең дастархан алдында көптеген тың игерушілерге, халық еңбегіне, халықтар достығына, қазақ жеріндегі бейбітшілік пен татулық өмірге алғыс сөздер арналды.

 

В Шолаксайской сельской библиотеке прошел вечер встреч «Казахстан - бақыт мекені», посвященный ко дню багодарности и 70-летию начала освоения целинных и залежных земель. На мероприятие были приглашены старожилы села, а также, дети и внуки первоцелинников. 
В ходе мероприятия библиотекарем была представлена информация о роли целины и его результатах как уникального исторического процесса и подвиги знаменитой целинной эпохи. 
Были зачитаны отрывки из романа Шолохова «Поднятая целина». 
Все участники встречи поделились воспоминаниями из рассказов своих родителей, которые приехали из России, Украины, Молдавии, Беларуссии и для которых Казахстан стал второй Родиной, ведь судьба каждого из них связана с тем временем и  гостеприимным казахским народом. 
Также, в библиотеке была оформлена тематическая выставка «Слава покорителям целины», на котором представлены книги, альбомы и фотохроника: «Свидетельства прожитых лет и событий». 
Вечер завершился за общим дастарханом и словами благодарности за труд людей, за дружбу народов, за мир и согласие на казахской земле.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 43 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях