Главная » 2025 » Январь » 17 » «Қазақ поэзиясының пырағы» жыр кеші
17:29
 «Қазақ поэзиясының пырағы» жыр кеші


Шолақсай ауылдық кітапханасында қазақтың көрнекті ақыны, мәдени мұраның ажырамас бөлігіне айналған сөз шебері Қадыр Мырза Әлидің туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақ поэзиясының пырағы» атты жыр кеші өтті.  Шараның басты мақсаты – оқырмандардың ақынның әдеби мұрасына деген қызығушылығын ояту, поэзиясын дәріптеу, өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.  Шараға қатысушылар ақынның өмірбаянымен, ұлттық мәдениет пен әдеби процестің дамуына қосқан үлесімен танысып, ақынның таңдамалы өлеңдерін оқыды.  Туған жерге, ұлттық құндылықтарға, терең философиялық ойларға арналған шығармаларға ерекше көңіл бөлінді.  Ақындық кеш қазақ поэзиясының нағыз мерекесіне айналды, әртүрлі жастағы  оқырмандарды біріктірді.  Қорытындылай келе, қатысушылар Қадыр Мырза Әлидің қазіргі оқырмандардың жүрегінде жаңғыртып келе жатқан әдеби мұрасын танып-білудің маңыздылығын атап өтті.

В Шолаксайской сельской библиотеке состоялся поэтический вечер «Қазақ поэзиясының пырағы», посвящённый 90-летию со дня рождения выдающегося казахского поэта Қадыра Мырза Әли, мастера слова, чьи произведения стали неотъемлемой частью культурного наследия Казахстана. Основной целью мероприятия было пробуждение интереса у читателей к его литературному наследию, популяризация поэзии, а также знакомство с жизнью и творчеством. Участники мероприятия познакомились с биографией поэта, его вкладом в развитие национальной культуры и литературного процесса, читали  избранные стихи поэта. Особое внимание уделялось произведениям, посвящённым родной земле, национальным ценностям и глубоким философским размышлениям. Вечер стал настоящим праздником казахской поэзии, объединившим читателей разных возрастов и интересов. В завершении, участники отметили важность знакомства с литературным наследием Қадыра Мырза Әли, которое продолжает вдохновлять и находить отклик в сердцах современных читателей.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 52 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях