Главная » 2022 » Февраль » 28 » «Қазақ поэзиясының ұлы жүректі тұлғасы, ақын»
09:36
 «Қазақ поэзиясының ұлы жүректі тұлғасы, ақын»

 


Науырзым аудандық кітапханасы Зейнолла Шүкіровтың туғанына 95 жыл толуына орай назарларыңызға  «Қазақ поэзиясының ұлы жүректі тұлғасы, ақын» тақырыбымен кітап көрмесін ұсынады.З.Шүкіров  1927 жылы Қызылорда облысының Арал ауданындағы Бөген кеңесінде туған. Бастауыш білім алғаннан кейін қатты науқастанған. Бірақ төсек тартып жатқанмен, мүгедек халіне ерлікпен, төзімділікпен төтеп беріп, қайсар жас өздігінен білім алған. Сөйтіп бар өмірін жазушылыққа арнаған. Өмірінің соңына дейін жазушылық қаламын қолынан түсірмей, ондаған кітап ұсынды.Тұңғыш өлеңдер жинағы 1955 жылы Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан шыққан. Оның балаларға да арналған жинақтары бар.Бірқатар өлең, дастандары орыс тіліне аударылып, «Менің достарым», «Күншуақ» деген атпен шықты. Шығармалары шет ел халықтары тілдеріне аударылған. Көрменің мақсаты: Оқырмандарды жазушының өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстырып, насихаттау. Аз ғана өмір сүрсе де , әрі поэзиялық, әрі прозалық жанрда бірдей қалам тербеген. «Қазақ Островскииі» атанған, жазушылықпен бірге ақындықты да қатар ала білген қаламгер жайлы мағлұмат беру.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 129 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях