
Науырзым аудандық балалар кітапханасында «Кітап+кино: оқимыз, көреміз, талқылаймыз» жобасы аясында Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясына арналған «Қазақ әдебиетінің шыңы» атты танымдық шара болып өтті.
Шара барысында оқушылар жазушының өмір жолы, туындының жазылу тарихы және кейіпкерлер әлемімен жақынырақ танысты. Кітаптан үзінділер оқылып, экранда роман желісімен түсірілген фильм трейлері мен буктрейлер көрсетілді. Қатысушылар Абай бейнесі арқылы қазақ халқының рухани дүниесін, ұлттық құндылықтарын тереңінен сезініп, автордың көркемдік шеберлігіне тәнті болды. Әсіресе жас оқырмандар үшін бұл кездесу терең ой салып, кітап оқуға деген қызығушылығын арттырды.
Шара соңында қатысушылар арасында «Абай жолының» бүгінгі тағылымы туралы пікірлер айтылды.
В Наурзумской районной детской библиотеке в рамках проекта «Книга+кино: читаем, смотрим, обсуждаем» прошло познавательное мероприятие «Вершина казахской литературы», посвящённое роман-эпопее Мухтара Ауэзова «Путь Абая».
В ходе мероприятия школьники ближе познакомились с жизненным путём писателя, историей создания произведения и миром его героев. Были зачитаны отрывки из книги, а также продемонстрированы трейлер художественного фильма и буктрейлер по мотивам романа. Через образ Абая участники глубже прочувствовали духовный мир казахского народа, его национальные ценности и прониклись мастерством автора. Особенно для юных читателей эта встреча стала поводом для глубоких размышлений и пробудила интерес к чтению.
В завершение мероприятия участники поделились своими размышлениями о значении и назидательности «Пути Абая» в современное время.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|