16:28 | |
|
Науырзым ауылдық кітапханасында қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Ғабит Мүсіреповтің 125 жылдық мерейтойына орай “Қазақ әдебиетінің майталманы” атты әдеби кеш өткізілді. Іс шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер айтылып, оның қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі туралы әңгіме қозғалды. Оқырмандар жазушының шығармаларынан үзінділер оқып, қазақ әдебиетін дамытудағы еңбегіне тоқталды. Шараның мақсаты-жас ұрпаққа жазушының мол мұрасын таныстыру, әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу. | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
