10:41 «Қазақ әдебиетінің классигі» | |
25 қараша күні Науырзым аудандық орталық кітапханасында «Қазақ әдебиетінің классигі» тақырыбында «Бір ел –бір кітап» акциясы аясында Бердібек Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» кітабы бойынша оқырман конференциясы ұйымдастырылды. Бұл акция Қазақстанда 2007 жылдан бері өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.Іс-шара барысында Наурызым ауданының мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығының директоры Тасанова Жадыра Сәрсенбайқызы Б.Соқпақбаевтың өмірбаяны туралы баяндама оқыды. «Өлгендер қайтып келмейді» шығармасы бойынша бейнеролик көрсетілді. Науырзым аудандық жұмыспен қамту және әлеументтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Әлеументтік қызметкері» Искакова Фарида Мақсұтқанқызы өзі оқыған Б.Соқпақбаевтың шығармалымен бөлісіп,үздік жазушылардың бірі екенін айтып өтті.Сонымен қатар оқырмандарға «Өлгендер қайтып келмейді» шығармасына қатысты сұрақтар қойылып Қалмақова Айман Ерікқызы және Сагинаева Мөлдір Бөлтірікқызы белсене қатысып жауап берді. Конференция соңында қонақтар «Бір ел –бір кітап» атты кітап көрмесін тамашалап, Б.Соқпақбаевтың шығармаларымен танысты. | |
|
Всего комментариев: 0 | |