16:46 ![]() | |
Науырзым ауылдық кітапханасында қазақ әдебиетінің классиғі, көрнекті жазушы Сәбит Мұқановтың шығармашылығына арналған «Қазақ әдебиетіндегі тау тұлға» атты әдеби сағаты өтті. Мақсаты- жазушының өмірі мен шығармаларымен таныстыру оқырмандарға жан-жақты ойлануын, ізденуін дамыту, жас ұрпақты әдеби мұраға қызықтыру. Адамгершілікке, Отанды сүюге, табиғатты аялауға, оларды ұмытпай есте сақтауға үйрету. Шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысты. Әдеби сағат оқырмандарға әдебиетке деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін ұялатты. Сәбит Мұқанов әдебиетке араласқаннан бастап-ақ дәуір, заман алға қойған тақырыптарға қалам тербеді. Ол қазақ әдебиетінің барлық жанрында өндіре еңбек етті. Жазушы қаламынан туған әдеби мұра сан жанрлы, мол көлемді, идеялық-эстетикалық мәні жоғары да бағалы. Ол 80 мың жолға жуық лирикалық өлең, жиырмаға тарта поэма, бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгіме, очерктер, оннан астам пьеса, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын талдайтын монографиялар, қазақ мәдениетінің тарихы және этнографиясы туралы зерттеу еңбектер, тағы басқа сан-салалы кітаптар жазды. В Наурзумской сельской библиотеке провели литературный час «Қазақ әдебиетіндегі тау тұлға», посвященный творчеству классика казахской литературы, выдающемуся писателю Сабиту Муканову. Цель: знакомство с жизнью и произведениями писателя, а также интерес к чтению книг. Сабит Муканов (1900-1973) — один из основоположников казахской литературы, общественный деятель, народный писатель Казахстана, академик Академии наук Казахстана. С момента прихода в литературу Сабит Муканов плодотворно работал во всех жанрах казахской литературы. Литературное наследие, рожденное пером писателя, разнообразно, обширно и имеет высокую идейно-эстетическую ценность. Им написано около 80 тысяч строк лирических стихов, около двадцати поэм, несколько рассказов и повестей, множество повестей, очерков, более десяти пьес, учебники для вузов, монографии, анализирующие творчество казахских поэтов и писателей, исследовательские труды по истории и этнографии казахской культуры и другие разноплановые книги. ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() | |
|
Всего комментариев: 0 | |