Главная » 2025 » Май » 8 » «Аты аңызға айналған батыр Бауыржан» тарихи-патриоттық кеш
12:40
 «Аты аңызға айналған батыр Бауыржан» тарихи-патриоттық кеш


Шолақсай ауылдық кітапханасында  Ұлы Отан соғысының даңқты қаһарманы Бауыржан Момышұлының мерейтойына және Отан қорғаушылар күніне орай «Аты аңызға айналған батыр Бауыржан» атты тарихи-патриоттық кеш өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді ояту, тарихи өткенімізге құрметпен қарау, халқымыздың ерлікке толы мұрасымен таныстыру арқылы ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыру. Іс-шараға 6–7 сынып оқушылары мен құрметті қонақтар шақырылды. Кеш барысында кітапхана қызметкерлері Бауржан Момышұлының өмір жолы туралы шолу жасап, оның Мәскеу түбіндегі шайқастарға, атақты 316-атқыштар дивизиясының (Панфилов дивизиясы) құрамындағы ерлік жолына ерекше назар аударды. Қатысушылар полковниктің жауынгерлік ерлігі мен стратегиялық дарыны жайында мағлұмат алып, оның есімі халық жадында мәңгі сақталатынына көз жеткізді.Кеш барысында архивтік материалдар көрсетіліп, Б. Момышұлының естеліктерінен үзінділер және батырға арналған көркем шығармалар оқылды. Іс-шара жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен ел қорғандарына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етті.

В Шолаксайской сельской библиотеке был проведен историко-патриотический вечер под названием «Аты аңызға айналған батыр Бауржан», посвящённый юбилею легендарного героя Великой Отечественной войны Бауржана Момышұлы и приуроченный ко Дню защитника Отечества. Цель мероприятия – воспитание патриотизма, уважения к историческому прошлому, формирование чувства гордости за героическое наследие казахстанского народа через знакомство с жизнью и подвигами Бауржана Момышұлы. На мероприятие были приглашены учащиеся 6–7 классов, а также почетные гости. В ходе вечера библиотекари провели обзор биографии Б. Момышұлы, уделив особое внимание его участию в героических боях под Москвой в составе 316-й стрелковой дивизии, более известной как Панфиловская дивизия. Присутствующие узнали о воинской доблести, храбрости и стратегическом гении полковника, имя которого навсегда вписано в историю народа. Мероприятие сопровождалось показом архивных материалов, чтением отрывков из воспоминаний Б. Момышұлы, а также произведений, посвящённых его подвигам. Вечер способствовал формированию у молодого поколения чувства патриотизма и гордости за героев Отечества.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 24 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях