Главная » 2023 » Сентябрь » 29 » «Қарттарын ардақтаған- ел ардақты»
16:30
 «Қарттарын ардақтаған- ел ардақты»


Науырзым аудандық кітапханасы  «Қарттарын ардақтаған- ел ардақты» тақырыбында кездесу кешін ұйымдастырды. Аталған іс-шараға  кітапханада көп жылдар еңбек еткен еңбек ардагерлері Салецкая М.Н, Шенмаер Е.Ф, Дарморезова Н.А, Қасымжанова Г.Е, Күмісбекова Б, Васильева Т.В  зейнеткер әріптестеріміз шақырылды. Халқымыз қашанда дария көңіл, кең кеуде қарттарымен мақтана білген. Жастарға үлкенді сыйлап, өмірдің өнегесін үйренуді насихат еткен. Қарттарымыз тамырын тереңге жай¬ған бәйтеректей бір-бір әулеттің тірегі, ел-жұрттың арқа сүйер ақылшысы. Іс-шараның мақсаты: оқырмандарды үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. «Қарттарын ардақтаған- ел ардақты» атты кітап көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ, мерекелік шараға қатысушылар кеш соңында кітапхана ұжымына өз алғыстарын білдіріп, бүгінгі басқосудан алған әсерлерімен бөлісті.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 65 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях