Главная » 2022 » Май » 30 » "Қарт қазынаның байырғысы мен бүгінгісі жайлы"
09:30
 "Қарт қазынаның байырғысы мен бүгінгісі жайлы"


Науырзым аудандық   кітапханасында "Қарт  қазынаның  байырғысы мен  бүгінгісі жайлы " тақырыбымен  келелі де тағылымды кездесу  кеші өтті. Кешіміздің  басты  кейіпкері  еңбек ардагері, осы елдің тумасы  Алдажұманов  Махмет  Қисықұлы.Іс шарамыз "Туған жер " бағдарламасы аясында  және  үстіміздегі жылдың басынан  аудандық кітапхана  қолға  алған "Науырзым:кеше, бүгін, ертең " жобасы  шеңберінде  өтті. Іс шарамыздың мақсаты  ауылымыздың   өсуіне, дамуына  елеулі үлес қосқан  осы  елдің  азаматтарын  дәріптеу, насихаттау, болашақ ұрпаққа жеткізу. Кездесу  кешін аудан әкімінің  орынбасары  Амиров Н.Қ  ашты. Арнайы шақырылған  қонақтар кеш барысында қарт  қазынамызға  өз  лебіздерін, игі  тілектерін білдірді.Сонымен қатар    іс шарамызға  Махмет  атамыздың  балалары, келіндері,немерелері  және  жиендері  шақырылды.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 137 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях