Главная » 2024 » Июль » 17 » «Қаныш Сәтбаев – бір сырлы, мың қырлы азамат» тарихи сағаты
17:57
 «Қаныш Сәтбаев – бір сырлы, мың қырлы азамат» тарихи сағаты


Өлеңді ауылдық кітапханасы тұрақты оқырмандарымен бірге атақты геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтің 125 жылдығына орай «Қаныш Сәтбаев – бір сырлы, мың қырлы азамат» тарихи сағатын өткізді. Іс-шара мақсаты: Қ.Сәтбаевтың өмірбаянымен таныстыру, білімі, ғылыми еңбектері, қоғамдық жұмысы туралы мәлімет беру. 
Сағат барысында Қаныш Сәтбаевтың мемлекет алдындағы басты еңбектерінің бірі — геологиялық зерттеулердің дамуына қосқан зор үлесі талқыланды. Тарих саласындағы зерттеулері, бірге қызмет жасаған замандастары жайында сөз қозғалды.  
Қазақстанның индустриялық және ғылыми саласының дамуындағы орасан еңбектері кітап арқылы кеңірек түсіндірілді. 
Іс-шараға ауылымыздың тұрғыны зейнеткер, Несібелді апа қатысып, өзі оқыған деректерін баяндады. Ғалымның: «Өз елінің қара тасын мақтан тұтпаған, өзге елдің алтынын да жарытпас» деген сөздің мән мағынасын тұжырымдады.
Оқырман назарына «Қаныш Сәтбаев Қостанай өңірінде», Ш.К. Сәтбаева, Ғ.О. Батырбеков, Ә.Қ. Жармағамбетовтың «Қаныш аға» кітабы, және геология саласынан кітаптар мен фото иллюстрациялар қолданылды. 

По случаю 125-летия известного ученого-геолога Каныша Сатбаева Улендинская сельская библиотека провела для своих постоянных читателей исторический час на тему «Қаныш Сәтбаев – бір сырлы, мың қырлы азамат». 
Цель мероприятия: познакомить с биографией К.Сатбаева, предоставить информацию о его научной и общественной деятельности.
Уважаемой гостьей на мероприятии была житель и пенсионерка нашего села Несібелді апа. Она рассказала о своих прочитанных данных и о том, что каждый камень имеет свои особые свойства.
В ходе мероприятия вниманию читателей была представлена одна из главных работ Каныша Сатбаева это - его большой вклад в развитие геологических исследований. Была предоставлена информация о работе по развитию промышленной и научной сферы Казахстана.
Так же, вниманию читателей была предоставлена книжная выставка, где были расположены книги «Каныш Сатбаев в Костанайской области», Ш.К. Сәтбаева, Ғ.О. Батырбеков, Ә.Қ. Жармағамбетова «Қаныш аға» и фото иллюстрации из области геологии.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 35 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях