Главная » 2026 » Апрель » 2 » «Қанатты достарымыз»
13:32
 «Қанатты достарымыз»


Дәмді ауылдық кітапханасы «Қанатты достарымыз» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Табиғаттың әсем бір бөлшегі саналатын құстар әлеміне арналған тағылымды шара өтті. Көрме барысында балалар назарына құстар туралы қызықты ертегілер, танымдық кітаптар мен түрлі-түсті брошюралар ұсынылды.
Бұл көрме кішкентай оқырмандарды қанатты тіршілік иелерінің сырлы дүниесімен таныстырып, олардың табиғаттағы орны мен маңызын түсінуге жетелейді. Әрбір кітап пен ертегіде құстардың мейірімділігі, еркіндігі мен табиғатпен үндестігі көркем тілмен баяндалып, балалардың қиялын қанаттандырады.
Көрме арқылы жас оқырмандар табиғатты аялауға, құстарға қамқор болуға және оларды қорғауға тәрбиеленеді. Бұл шара – балалардың рухани дамуына, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған әсерлі әрі мазмұнды бастама.

Дамдинская сельская библиотека провела обзор по 
книжной выставке «Қанатты достарымыз».  Познавательное мероприятие, посвящённое удивительному миру птиц, которые являются прекрасной частью природы. В ходе выставки вниманию детей были представлены интересные сказки о птицах, познавательные книги и красочные брошюры.
Эта выставка знакомит юных читателей с таинственным миром пернатых, помогает понять их роль и значение в природе. В каждой книге и сказке с художественной выразительностью раскрываются доброта птиц, их свобода и гармония с окружающим миром, что вдохновляет и развивает воображение детей. Благодаря выставке юные читатели учатся бережно относиться к природе, заботиться о птицах и защищать их. Это мероприятие является содержательной и трогательной инициативой, направленной на духовное развитие детей и воспитание любви к окружающей среде.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 5 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях