Главная » 2026 » Март » 6 » «Ана – өмірдің гүлі»
17:32
 «Ана – өмірдің гүлі»


Науырзым ауылдық кітапханасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – өмірдің гүлі» атты әдеби қонақжай кеші өтті.

Шараның басты мақсаты — ананың қоғамдағы және отбасындағы орнын ұлықтау, ана мейірімі мен қасиетті ақ сүтін дәріптеу. Сонымен қатар, өскелең ұрпақты үлкенді сыйлауға, ізеттілікке және мейірімділікке тәрбиелеу.

Мерекелік кеш барысында балалар аналарына арнап жүрекжарды тілектерін айтып, өлең шумақтарын оқыды. Іс-шара соңында бүлдіршіндер аналарына өз қолдарымен дайындаған ерекше сыйлықтарын табыстап, қуаныш сыйлады. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың бойында рухани құндылықтарды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 14 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях