16:16 «Алтын шаңырақ» «Күміс кереге» | |
Президенттің тапсырмасы аясында «Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын бекіту туралы» үкімет қаулысының жобасы әзірленіп, тұжырымдамаға сәйкес 17 наурыз- «Алтын шаңырақ» «Күміс кереге» - 50 және 25 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыптыларды құрметтеу күні болып бекітілген болатын. Мақсаты - 50 және 25 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыптыларды құрметтеу. Үлгілі отбасыларды іріктеудің басты критерийі – «Адал азамат» құндылықтарына сәйкес балалар мен немерелерді тәрбиелеу. Отбасын Отанына балайтын, жанарымен жаныңды баурайтын, ата-ананы қадірлеп, үлкендерді сыйлайтын, кішілерге қамқор, ағайынға абыройлы, құдай қосқан қосағымен бірге әдемі қартаюды нәсіп еткен ақ жаулықты аналарымыз бен ақ сақалды аталарымыз аз емес арамызда. Науырзым ауданының мәдениет үйі және аудандық кітапхана ұжымы осындай үлгілі шаңырақ иелері ауданымыздың сыйлы, құрметті отбасылары алтын той иелері -50 жыл бірге қол ұстасып келе жатқан Темірбаевтар Хауез атамен Орынбике апаның отбасына және де 25 жыл - күміс тойын атап өткен Стамкуловтар Мәлік аға мен Гүлімжан апамыздың отбасын шақырып құрмет көрсетті. | |
|
Всего комментариев: 0 | |