09:16 "Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз" | |
Халқымыздың тарихында мерейі тасыған мәртебелі дәуірлерімен қатар "Тар жол тайғақ кешкен " қасіретті кезеңдері де аз болмағаны ащы шындық .Өткеннің өкінішті кезеңдерінің бірі саяси қуғын-сүргін құрбандары. 1997 жылдың 31 мамырын тәуелсіз еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп белгілеген болатын.Осыған орай Науырзым аудандық кітапханасы Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің оқушыларымен "Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз " тақырыбында еске алу тарихи сабағын өткізді. Сабағымыздың мақсаты саяси қуғын сүргін құрбандары жайлы дұрыс түсінік бере отырып, олардың бойына отансүйгіштік ,патриоттық сезімін, адалдық , ерлік, төзімділік, адамгершілік қасиеттерін дарыту. | |
|
Всего комментариев: 0 | |