10:27 ![]() | |
Алғыс айту күні Шолақсай кітапханасы мен мәдениет үйінің қызметкерлері ауылдасы, тыл еңбеккері Вера Поповичті құттықтауға аттанды. Вера әжей есікті ашып, қонақтарды көріп, ерекше қуанышқа бөленді. Айнала ілтипат пен қамқорлыққа толып, жастық шағының алыс жылдары қайта оралғандай болды. Қонақтарды үйге шақырып, дастархан жайып, ыстық, хош иісті шай құйды. Бір кесе шай үстіндегі жылы, шынайы әңгімеде ол өзінің өмірі туралы – тынымсыз еңбек етуге тура келген сол жылдарды, басынан өткерген сынақтар мен қиыншылықтарды, жүрегін жылытқан сол бір кішкентай қуаныштарды әңгімеледі. Қонақтар оның әңгімелерін сүйсініп тыңдап, рухының қайраттылығына, іске деген адалдығына тәнті болды. Оның сөздері балаларына, немерелеріне, шөберелеріне, абыройлы өміріне деген мақтаныш сезімін және олардың ілтипатына алғысын білдірді. Уақыт елеусіз зымырап өтіп, жиналғандардың барлығының жүрегінде осынау дана әйелге деген ыстық естелік пен терең құрмет сезімін қалдырды. Сотрудники Шолаксайской библиотеки и Дома культуры в День благодарности отправились поздравить односельчанку- тыловика Попович Веру. Когда бабушка Вера открыла дверь и увидела гостей, её глаза засветились радостью. Словно вернулись далёкие годы молодости, когда она была окружена вниманием и заботой. Она радушно пригласила гостей в дом, накрыла стол, разлила горячий, ароматный чай. В тёплой, душевной беседе за чашкой чая она рассказывала о своей жизни – о тех годах, когда приходилось работать не покладая рук, о жизненных испытаниях, выпавших на её долю, и о тех маленьких радостях, что согревали сердце. Гости с восхищением слушали её рассказы, поражаясь силе духа и преданности делу. В её словах звучала гордость за своих детей, внуков, правнуков, за достойно прожитую жизнь, и благодарность за внимание. Время пролетело незаметно, оставляя в сердцах всех присутствующих тёплый свет воспоминаний и глубокое уважение к этой мудрой женщине. ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() | |
|
Всего комментариев: 0 | |