Науырзым аудандық балалар кітапханасының абонемент залында Семей қасіреті жайында баяндалған «Қайтарылмайтын оқиға» атты кеңейтілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге Семей қаласының тарихы, мәдениеті, Семей қаласының ақын жазушылары, білім және ғылым ошақтары, экономикасы туралы мағлұматтар беретін кітаптар қойылды.
Атап айтсақ: М. Сәрсеке «Семей қасіреті», «Қазақстан» фотошежіресі, Р. Мұқанова «Сарра» кітабының ішіндегі «Мәңгілік бала бейнесі» трагедия тарауы ұсынылды.
Көрме мақсаты: оқырмандарға «Невада-Семей» қозғалысының саяси мән-мағынасын ашу. Қырық жыл бойы сыналып келген Семей ядролық сынақ полигонының қатерлі қару зардабынан жазықсыз жапа
шеккендер жайында үндеу, болашақ
ұрпақты қасиетті ата-баба жерінің мұңын бөлісуге шақыру.
В зале абонемента Наурзумской районной детской библиотеки для читателей организована расширенная книжная выставка «Қайтарылмайтын оқиға», рассказывающая о великой трагедии Невада-Семей.
На выставке были представлены книги, рассказывающие об этой истории и о культуре города Семей, о писателях-поэтах, очагах образования и науки, экономике города. Среди них: М. Сарсеке «Семей қасіреті», фотолетопись «Казахстан», представлена глава из трагедии «Образ вечного ребенка» в книге «Сарра» Р. Мукановой.
Цель выставки: раскрыть читателям политический смысл движения «Невада-Семей».
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|