
Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай және оның өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында Шилі ауылдық кітапханасында «Абайдың мәңгілік рухы» атты әдеби-поэтикалық кеш ұйымдастырылды.
Шара барысында оқырмандар ақынның өмір жолындағы қызықты деректермен танысып, оның парасаттылығы мен терең ой иесі ретіндегі адами қасиеттері жайлы тебірене сөз қозғады. Кеш барысында Абай шығармаларынан әсерлі үзінділер мәнерлеп оқылып, оның өлеңдеріне жазылған әсем әндер де орындалды.
Бұл кеш – тек Абайдың рухани мұрасын дәріптеу ғана емес, сонымен қатар бүгінгі ұрпақтың ұлттық әдебиетке, ұлы ойшылдың даналығына деген құрметін оятатын тағылымды басқосу болды. Абайдың рухы – қазақ халқының жүрегінде мәңгілік сақталатын рухани темірқазық.
В честь 180-летия со дня рождения великого казахского поэта и мыслителя Абая Кунанбаева, а также с целью широкого распространения его творческого и жизненного наследия, в Шилинской сельской библиотеке был организован литературно-поэтический вечер под названием«Абайдың мәңгілік рухы».
В ходе мероприятия участники познакомились с интересными фактами из жизни поэта, обсудили его выдающиеся человеческие качества, такие как мудрость, справедливость и глубокое понимание жизни. Были выразительно прочитаны отрывки из произведений Абая, а также прозвучали песни, написанные на его стихи.
Этот вечер стал не только актом культурного почтения к духовному наследию Абая, но и вдохновляющим напоминанием о важности национальной литературы, пробуждающим уважение и интерес у подрастающего поколения.
Дух Абая — это вечный компас для народа, жаждущего света, истины и гармонии.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|