Главная » 2025 » Апрель » 25 » “Абай сөзі-қазақтың бойтұмары” әдеби-танымдық алаң
17:48
 “Абай сөзі-қазақтың бойтұмары” әдеби-танымдық алаң


Ұлттық кітап күніне орай ауданда өткен “Кітапхана түні-2025”Шилі ауылдық кітапханасы Ұлы Абайдың 180-жылдығына 
“Абай сөзі-қазақтың бойтұмары”тақырыбымен әдеби-танымдық алаң ұйымдастырып,көрме-инсталляция жасады.
Мақсаты: кітаптың мәртебесін көтеріп,ұлықтау,жастардыңкітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Рухы биік,орақ тілді,қазақтың мұңын мұңдап,арманы мен аңсарын айтып, сөзін сөйлеген,қазақ халқының қазынасы,ұлт мақтанышы хәкім Абайдың көрмеге 45-қара сөзі ,әлем мәдениетіне қосқан үлесін айқындайтын және де ұлы ақынның шығармашылығына сүйене отыра  жасалған “Абайдың кісілік кодексы”атты инсталляция қойылды.
Аса қызығушылықпен келген қонақтар мен балалар Абайдың өмірі мен шығармашылығы тақырыбынан ребустар шешіп,интеллектуалдық қабілеттерін көрсете білді.
Сонымен қатар “Кітаппен болашаққа”атты  мағыналы стендіміз үндеу ретінде жасалып,қонақтарды,
келген барлық қатысушыларды  болашақтарын кітаппен байланыстырып,кітаптан алған біліммен,Абай атамыздай ұлылардың шексіз даналық мұрасымен жетілдіріп,жоғары белестерді бағындыруға шақыру ретінде жасалды.Іс-шараның көкжиегін келтірген ,Шилі мектебінің оқушылары дана Абайдың шығармаларын терең ықыласпен оқып,қонақтардың  көңілін жаулады.
“Болмасаң да ұқсап бақ“,деп Абайдың өсиетін тындайтын құлақ,ұғатын  сана,оқитын бала болса талай ұрпақтың санасына рухани азық болып,озық ойлы жастарымыздың қатары арта түсетініне сенімдіміз!

К Национальному дню книги Шилинская сельская библиотека организовала литературно-познавательную площадку
“Абай сөзі-қазақтың бойтұмары”.
Цель:популяризация чтения среди молодежи,повышение статуса книги и уровня читательской культуры.
Мероприятие состояло из выставочных инсталляций,со штрих кодами,отражающие творческое наследие и величайший вклад великого Абая в мировую культуру,слов назидания.
Креативные стенды “С книгой -в будущее”были представлены в виде призыва ,в виде послания быть ближе к гениальному созданию человечества-книге,через знания ,которые дает книга можно достичь вершин в развитии и процветания в целом: цель, успех, талант, гармония, победа и …триумф.
Также посетителям были предложены ребусы по творчеству Абая ,которые с огромным удовольствием  решали и взрослые ,и дети.,получая за правильные ответы сладости,специально оформленные словами назидания Абая.Особо активным были вручены мини-книги сборник слов назидания “Абайдың 45қара сөздері”.
И конечно же школьники проникновенно продекламировали произведения поэта,передав свои эмоции и силу поэтических строк.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 25 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях