Науырзым ауылдық кітапханасында әнші, қазақтың халық әртісі Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығына орай «Аңызға айналған әнші» атты ұлағат сағаты өткізілді.
Мақсаты: Қазақтың бұлбұл дауысты әншісі Бибігүл Төлегенованың өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға таныстыру, оның өнері арқылы қазақ мәдениетіне деген сүйіспеншілікті арттыру.
Шара барысында кітапхана оқырмандары әншінің өмірбаяны мен өнер жолындағы жетістіктерімен танысты. Бибігүл Ахметқызы Төлегенова — қазақтың ұлы әншісі, КСРО халық әртісі, әлемге танылған өнер иесі. Ол 1954 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Әншілік жолын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастаған. 1971 жылдан бастап Қазақтың опера және балет театрында еңбек етті. Оның асқан шеберлігі мен көркем дауысын дүние жүзі мойындады.
Шара соңында қатысушылар «Әншінің бұлбұл дауысы» атты кітап көрмесін тамашалады. Көрме барысында Бибігүл Төлегенованың өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар мен мақалалар таныстырылды.
Атаулы шара оқырмандардың мәдени-рухани дүниетанымын кеңейтіп, ұлы тұлғалардың өнері мен өмір жолын өскелең ұрпаққа үлгі етеді.
В Наурзумской сельской библиотеке состоялся познавательный час мероприятие «Аңызға айналған әнші», посвященное 95-летию со дня рождения казахской народной артистки Бибигуль Тулегеновой.
Цель: познакомить читателей с жизнью и творчеством великой казахской певицы Бибигуль Тулегеновой, привить любовь к культуре и наследию казахского народа через её искусство.
Во время встречи участники узнали о жизненном пути и творческих достижениях Бибигуль Ахметовны Тулегеновой. Она — выдающаяся казахская певица, народная артистка СССР, известная далеко за пределами Казахстана. В 1954 году окончила Казахскую национальную консерваторию имени Курмангазы. Свою карьеру начинала в кружках художественной самодеятельности, а с 1971 года работала в Казахском театре оперы и балета. Её талант и великолепный голос были признаны не только в СССР, но и во всём мире.
В завершение мероприятия участники посетили книжную выставку под названием «Әншінің бұлбұл дауысы», где познакомились с литературой о жизни и творчестве Бибигуль Тулегеновой.
Такие мероприятия способствуют сохранению национальной культуры и популяризации творчества выдающихся личностей.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|