Главная » 2024 » Ноябрь » 14 » «Ақша тиыннан құралады» қаржылық сауаттылық мектебі
18:05
 «Ақша тиыннан құралады» қаржылық сауаттылық мектебі


Шилі ауылдық кітапханасы Ұлттық валюта күніне орай «Ақша тиыннан құралады» атты қаржылық сауаттылық мектебін өткізді.
Мақсаты: қатысушыларды ұлттық валюта – теңгенің тарихымен таныстыру, қаржылық сауаттылықтарын және жеке қаржы басқару дағдыларын арттыру.
Іс-шара барысында қатысушылар теңгенің айналымға енгізілу тарихы, оны жасаған адамдар және ұлттық валютаның Қазақстан экономикасы мен саясатына маңызы туралы мәлімет алды. Әсіресе, әр адамның өміріндегі қаржылық сауаттылықтың маңыздылығын талқылауға ерекше көңіл бөлінді. Жүргізушілер отбасы бюджетін жоспарлау, жинақ, несие және депозит ұғымдары туралы айтып, кіріс пен шығысты дұрыс жоспарлаудың әдістерін түсіндірді.
Білімді бекіту мақсатында интерактивті ойын өткізіліп, онда қатысушылар өздерінің «қаржылық қауіпсіздік жастығын» құруды және отбасылық бюджетпен жұмыс істеуді үйренді. 
Іс-шара соңы қаржыны жоспарлау бойынша мастер-класпен аяқталды, онда қатысушылар қаражат жинау мен тиімді пайдаланудың қарапайым қадамдарын іс жүзінде құрастыруға мүмкіндік алды. 

Шилинская сельская библиотека провела ко Дню национальной валюты школу финансовой грамотности «Ақша тиыннан құралады».
Цель мероприятия: познакомить участников с историей создания национальной валюты тенге, а также повысить их финансовую грамотность и навыки управления личными финансами.
В ходе мероприятия участники узнали об истории введения тенге в обращение, о том, кто работал над его созданием, и о значении национальной валюты для экономики и политики Казахстана. Особое внимание было уделено обсуждению важности финансовой грамотности в жизни каждого человека. Ведущие рассказали о понятиях семейного бюджета, накоплений, кредитов и депозитов, объяснили, как правильно планировать доходы и расходы.
Для закрепления знаний была проведена интерактивная игра, в ходе которой участники узнали, как создавать собственную «финансовую подушку безопасности» и пробовали управлять семейным бюджетом. Завершилось мероприятие мастер-классом по финансовому планированию, где участники смогли на практике разработать простые шаги к накоплению и грамотному использованию средств.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 9 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях