Главная » 2026 » Август » 17


Аудандық балалар кітапханасында құқықтық мәдениетті арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ – жарқын болашақ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – «сыбайлас жемқорлық» ұғымының мәнін ашу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жазаның бұлтартпастығына деген сенім қалыптастыру, құқықтық сана мен жауапкершілікті тәрбиелеу.
Көрмеде сыбайлас жемқорлықтың пайда болу тарихы, Қазақстан тарихындағы сыбайлас жемқорлық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалық актілер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін жауапкершілік түрлері туралы ақпарат ұсынылған.

В целях повышения правовой культуры и формирова ... Читать дальше »

Просмотров: 7 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 17.08.2026 | Комментарии (0)


Раздольный ауылдық кітапханасында «Ә. Бөкейхан – мемлекет және қоғам қайраткері» атты кітап көрмесі рәсімделді. Көрмеге Әлихан Бөкейханның өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі, ел тарихындағы орны туралы кітаптар мен әдебиеттер қойылды.
Кітапхана оқырмандары көрмені тамашалап, ұлт зиялысы Әлихан Бөкейханның өмірі мен еңбегі туралы құнды мәліметтермен танысты. Көрме оқырмандардың тарихи танымын кеңейтіп, ұлттық тұлғаларға деген құрметін арттыруға бағытталды.

Просмотров: 8 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 17.08.2026 | Комментарии (0)


Науырзым аудандық орталық кітапханасы Науырзым ауданының тумасы, ақын, қара сөз қаламгері, қоғам белсендісі Тілеуғабылтегі Жанбыршы Тұқатұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Жыр қанаты жерлес ақын» тақырыбында  кездесу кешін өткізді.

Просмотров: 8 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 17.08.2026 | Комментарии (0)


Науырзым аудандық орталық кітапханасында Науырзым ауданының тумасы, ақын, қара сөз қаламгері, қоғам белсендісі Тілеуғабылтегі Жанбыршы Тұқатұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Туған елдің тау тұлғалы ағасы» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты — өлкеден шыққан танымал тұлға, «Құрметті ардагер» төсбелгісінің иегері Жанбыршы Тұқатұлының бай әдеби мұрасын, қоғамдық және мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын оқырмандарға кеңінен таныстыру.
Кітап көрмесіне автордың туған жерге, ұлттық рух пен ана тіліне арнаған өлең-жырлары, қара сөздері, прозалық шығармалары мен шежірелік-өлкетану материалдары қойылған. Сондай-ақ, көрмеден қаламгердің сирек кездесетін отба ... Читать дальше »

Просмотров: 79 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 17.08.2026 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях