
Науырзым аудандық кітапханасында Науырзым ауданнының «Түркебай ата» мешітінің бас наибымен «21 ғасырдағы ұлттық сана-терроризмге, экстремизмге жол бермеу» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесудегі мақсат: «терроризм» және «экстремизм» ұғымын түсіндіре отырып, себептері мен зардаптары туралы ұғындыру. Діни экстремизмге қарсы күрес жолдары туралы ақпарат беру, сын сәттерде шешімін таба білуге, азаматтық ұстанымын жоғары бағалай білуге, қорғай білу қоғамға қарсы ұйымдастырылған діни ағымдардан аулақ болуды ұғындыру.