
Халықаралық жастар күніне орай Шолақсай ауылдық кітапханасында ауыл жастарын — студенттерді, түлектерді, спорт пен кітап оқуды қатар ұнататын жергілікті жігіттерді біріктірген «Жастар және кітап» кітапқұмарлар раллиі өтті. Іс-шара барысында жастар әдеби викторинаға қатысып, қызықты тапсырмалар орындап, шығармалар мен кейіпкерлерді таныды. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындарға жақсы таныс Шолақсай ауылы туралы кітап талқыланып, оның мазмұны, ауыл тарихы, елді мекеннің өткені мен бүгінгі тынысы туралы талқыланды. Жастар өз ойларымен бөлісіп, туған ауылға қатысты естеліктер мен қызықты деректерді ортаға салды. Кітап пен туған жерге деген сүйіспеншілікті ұштастырған мазмұнды кездесу жастарға ерекше әсер сыйлады. Өйтк
...
Читать дальше »
|

Шолақсай ауылдық кітапханасы волонтерлік қызмет және мәдени мұра ескерткіштеріне қатысты вандализмнің алдын алу аясында Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткіш жанында балалармен «Өткеннің өнегелі ізі» атты танымдық әңгіме өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – тарихи мұраға құрметпен қарауға, батырлар ерлігін есте сақтауға және мәдени ескерткіштерді қорғауға тәрбиелеу. Балаларға туған өлкенің тарихын еске алып, ескерткіштерді сақтау – әр азаматтың парызы екенін түсіндіру.
Шолаксайской сельской библиотекой в рамках волонтёрской деятельности и профилактики вандализма у памятника воинам Великой Отечественной войны проведена беседа с детьми «Память о прошлом».
Цель мероп
...
Читать дальше »
|

Науырзым ауылдық кітапханасында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында “Абайдың сөздері- даналық қайнары” атты әдеби танысу өтті. Іс- шара барысында оқырмандар өмірі мен шығармашылығымен танысып , тағылымды қара сөздері мен өлеңдерінің мән-маңызына тоқталды.
#АбайКүні #AbaiDay
|

Аудандық балалар кітапханасында Абай күніне орай ұлы қазақ ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Абай шығармалары – ұрпаққа өнеге» атты Book-Talk кітап талқылауы өтті. Іс-шара барысында қатысушылар Абайдың шығармалары мен нақыл сөздерімен танысып, оның өлеңдерін оқып, шығармаларының бүгінгі қоғамдағы маңызы туралы пікір алмасты. Кездесу «Абай сөзінің сиқыры» атты кітап көрмесімен толықтырылды.
В районной детской библиотеке ко Дню Абая провели Book-Talk «Абай шығармалары – ұрпаққа өнеге», посвященный творчеству великого казахского поэта и мыслителя Абая Кунанбаева. Участники познакомились с произведениями и мудрыми высказываниями
...
Читать дальше »
|

Абай күніне орай Шилі ауылдық кітапханасы «Абайдың мәңгілік рухы» тақырыбымен әдеби-поэтикалық қонақжай өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Оқырмандарға ұлы ақын, ағартушы және философ Абай Құнанбайұлының бай әдеби мұрасын таныстыру, оның шығармашылығы арқылы жастарды отансүйгіштікке, білімге, адамгершілікке және кітап оқуға баулу. Кездесу барысында балалар Абайдың өлеңдерін жатқа және мәнерлеп оқып, «Қара сөздеріндегі» терең философиялық ойларды талқылады. Сондай-ақ, балалар ақынның еңбектерімен, оның ішінде арнайы дайындалған кітап көрмесімен жақын танысып, Абай мұрасының маңыздылығын ұғынды.
Шилинская сельская библиотека к Дню Абая провела литературно-поэтическую гостиную «Абайдың мәңгілік
...
Читать дальше »
|

Абай күніне орай Шолақсай ауылдық кітапханасында ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын сүйетін оқырмандардың қатысуымен «Абай мұрасына саяхат» атты әңгіме сағаты өтті. Іс-шара барысында қатысушылар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақынның өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасады. Сонымен қатар, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы таныстырылып, шығармадағы Абай тұлғасы мен оның рухани мұрасы жайында әңгіме өрбіді.
Іс-шараның мақсаты – Абайдың әдеби мұрасын насихаттау, ұлттық мәдениетке құрмет сезімін қалыптастыру, оқырмандардың классикалық әдебиетке қызығушылығын арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу.
Ко Дню Абая в Шолаксайской сельской библиотеке со
...
Читать дальше »
|

«Кітаппен бірге жазғы көңіл-күй» атты ашық аспан астындағы библиосалонды Шолақсай ауылдық кітапханасы жазғы демалыс кезінде балаларға арнап ұйымдастырды. Ағаштардың саясында, жұмсақ төсеніштердің үстінде, табиғат аясында жас оқырмандар қызықты кітаптармен танысып, сүйікті шығармаларын оқып, өзара әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар балалар танымдық ойындар мен әдеби сайыстарға қатысып, уақыттарын көңілді де пайдалы өткізді. Табиғаттың әсем көрінісі мен жайлы атмосфера кітап оқуды ерекше әсерлі етіп, әр балаға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Іс-шараның мақсаты – балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, жазғы демалыс уақытын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыру, кітапқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, шығарма
...
Читать дальше »
|
|