Главная » 2026 » Июль » 01


Науырзым ауылдық кітапханасында ұлттық домбыра күніне орай “Домбыра дастан” атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Шара барысында домбыраның қазақ халқының рухани өміріндегі орны мен маңызы насихатталды . Қатысушылар ұлттық өнерімізді дәріптеп домбыраның ұлт мұрасы ретіндегі құндылығы туралы ой бөлісті, кеш халыққа ұлттық мәдениетке деген құрмет арттырды. Домбыра- халқымыздың рухани қазынасы, ұлттық болмысымыздың айқын белгісі. Оның қоңыр үні ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып мәңгілік жасай бермек.

Просмотров: 14 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 01.07.2026 | Комментарии (0)


«Домбыра – жүректің үні» атты музыкалық сағат
Ұлттық Домбыра күніне орай Раздольный ауылдық кітапханасы мектеп ұжымымен бірлесе отырып «Домбыра – жүректің үні» атты музыкалық сағат ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылығымыз саналатын домбыраны дәріптеу, халқымыздың күй өнері мен мәдени мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Шара барысында мектеп оқушылары мен жас мамандар домбыраның шығу тарихы, қазақ халқының күй өнері туралы мағлұмат алып, ұлттық күйлерді тыңдап, домбырада орындалған әсем шығармалардың рухани мәнімен танысты. Қатысушылар ұлттық өнердің құдіретін сезініп, домбыраның халқымыздың рухани өміріндегі ерекше ор ... Читать дальше »

Просмотров: 84 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 01.07.2026 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях