
Балалар кітапханасында ескерткіш орындардың тазалығын сақтау және абаттандыру мақсатында «Мен – еріктімін» атты акция өткізілді. Акция аясында қатысушылар аумақты тазалау жұмыстарына шықты. Балалар гүлзарлардағы қоқыстарды жинап, жаяу жүргіншілер жолдарын сыпырып, айналаны ретке келтірді.
В детской библиотеке была проведена акция «Я – волонтёр», направленная на благоустройство и поддержание чистоты памятных мест. В рамках акции участники вышли на уборку прилегающей территории. Ребята собирали мусор на клумбах, подметали тротуары и приводили в порядок окружающее пространство.
Просмотров: 22 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 18.06.2026
|
|

Науырзым аудандық кітапхана ұжымы "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстарын өткізді.
Просмотров: 20 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 18.06.2026
|
|

Науырзым ауылдық кітапханасында әкелер күніне орай “Әке- асқар тау” атты тағлымды ертеңгілік ұйымдастырылды . Іс-шараның мақсаты: әкенің отбасы мен қоғамдағы рөлін насихаттау, жас ұрпаққа әке тәрбиесінің маңызын түсіндіру. Шараға ауылымыздың жас әрі көпбалалы, еңбекқор әкелерінің бірі- Дархан Есенбаев қатысты. Кездесу барысында ол әкелік жауапкершілік, отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі және еңбекқорлықтың маңызы туралы өз ойларымен бөлісті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып , мазмұнды әңгіме өрбіді.
Просмотров: 32 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 18.06.2026
|
|

Өлеңді ауылдық кітапханасында Әкелер күніне орай «Әкешім – асқар тауым» атты ертеңгілік өтті. Шараның мақсаты – оқырмандардың әкеге деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру, отбасы құндылықтарын насихаттау, әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін дәріптеу, ұлттық тәрбие мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.Ертеңгілік барысында оқушылар әкеге арналған өлеңдер оқып, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Әкелер туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер айтылып, отбасы құндылықтары, әкенің қоғамдағы және отбасы өміріндегі орны туралы тағылымды әңгіме өрбіді.
Просмотров: 24 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 18.06.2026
|
|
|