Главная » 2026 » Июнь » 17


Науырзым аудандық кітапханасында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі, Махмұт Қашқари атындағы түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін халықаралық сыйлықтың, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың және тәуелсіз «Алтын қалам» сыйлығының иегері, Қостанай облысының, Қостанай қаласының және Жітіқара ауданының құрметті азаматы, ақын, жазушы, драматург Шаяхмет Ақылбек Қожаұлының 75 жас мерейтойына орай «Қазақ прозасының құлагері» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараға «Жасыл ел» жастар жасағы қатысты.

Просмотров: 24 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 17.06.2026 | Комментарии (0)


Науырзым аудандық кітапханасы, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері және мәдениет бөлімінің қызметкерлері өңірлік маңызы бар киелі нысан Түркебай әулие Ақанұлының жерленген жеріне "Таза Қазақстан" акциясы бойынша тазалық жұмыстарын жасады. Жалпы ұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру бағытында, әулие атамыздың емші қасиеттері жайлы мәліметтер беріліп, Әулие атамыздың аруағына тағзым етіп, құран бағышталды.

Просмотров: 26 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 17.06.2026 | Комментарии (0)


Шилі ауылдық кітапханасында жас оқырмандарға арналған, Әкелер күніне байланысты «Әкенің өсиеті» атты даналық сағаты өтті. Шара барысында балалар бұл мерекенің шығу тарихы мен дәстүрлері туралы біліп, «Балалар кітабындағы әкелер» атты әдеби викторинаға қатысты. Кішкентай оқырмандар әкелер туралы жүрекжарды өлеңдерді мәнерлеп, ерекше ықыласпен оқып берді. Сондай-ақ, балалар өз әкелерінің мамандықтары мен жақсы қасиеттері туралы мақтанышпен жарыса әңгімеледі. Шара соңында балалар шығармашылық шеберлік сағатына қатысып, үйлеріндегі асыл әкелеріне сыйлау үшін өз қолдарымен мерекелік ашық хаттар дайындады. Іс-шараның мақсаты: Поэзия мен шығармашылық арқылы балалардың бойында әкеге деген сүйіспеншілік, құрмет пен ... Читать дальше »

Просмотров: 28 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 17.06.2026 | Комментарии (0)


Әкелер күніне орай Раздолный ауылдық кітапханасында «Әке – шаңырақтың тірегі» атты фото-видео жұмыс ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – әкенің отбасындағы орны мен рөлін дәріптеу, әкеге деген құрметті арттыру және отбасы құндылықтарын насихаттау.
Фото-видеода ауыл тұрғындарының әкелері мен балаларының бірге түскен суреттері көрсетіліп, әкелердің еңбегі мен өнегелі өмір жолдары туралы мәліметтер ұсынылды. Қатысушылар өз әкелері жайлы жылы лебіздерін білдіріп, естеліктерімен бөлісті.
Әке – отбасының қорғаны, шаңырақтың берік тірегі. Осындай тағылымды шара арқылы жас ұрпаққа әкені құрметтеу мен отбасы құндылықтарын қадірлеудің маңызы түсіндірілді.

Просмотров: 27 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 17.06.2026 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях