
Аудандық балалар кітапханасына балалар шығармашылығы үйінің жазғы сауықтыру кешеніне қатысушы оқушылар қонаққа келіп, «Кітапхана әлеміне саяхат» атты танымдық іс-шараға белсене қатысты. Іс-шара барысында балалар кітапхана жүйесімен танысып, кітапты ұқыпты ұстаудың маңызын түсінді. Жыртылған кітаптарды жамап, түрлі мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, жұмбақтарды шешіп, адасқан әріптерден дұрыс сөз құрастырып, білімдерін шыңдады. Сонымен қатар қызықты ойындар ойнап, шығармашылық қабілеттерін де көрсетті: пластилинмен жұмыс жасап, бояулармен сурет салып, тұз бен гуашь көмегімен ерекше жұмыстар орындады. Балалар үшін бұл күн әсерлі де пайдалы өтті. Кітапханаға деген қызығушылықтары артып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.