
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Шолақсай ауылдық кітапханасында бастауыш сынып оқырмандарының қатысуымен «Елтаңба, Ту, Әнұран — қастерлейміз бәрін біз» атты кітапханалық сабақ өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиелеу және азаматтық жауапкершілікті дамыту. Сабақ барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы мен Әнұранының шығу тарихымен танысып, олардың мағынасы мен ерекшеліктері туралы мағлұмат алды. Балалар викториналық сұрақтарға белсенді жауап беріп, өз білімдерін көрсетті және қызығушылықпен пікір алмасты. Танымдық мәні зор іс-шара балалардың туған еліне д
...
Читать дальше »
Просмотров: 3 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 04.06.2026
|
|

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай балалар кітапханасында «Рәміздерді біл және құрметте!» атты ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға қазақ халқының рәміздерінің шығу тарихы және тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері туралы мәліметтер берілді. Балалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұранның мәні мен маңызын түсіндіріп, олардың қай жерде қолданылатыны туралы өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, оқушылар Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран авторлары туралы ақпараттармен бөлісті. Шара барысында «Сіз өз еліңіздің рәміздерін білесіз бе?», «Отан туралы мақал-мәтелдер», «Сөздерді
...
Читать дальше »
Просмотров: 4 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 04.06.2026
|
|

Мереке ауылдық кітапханасында 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Рәміздерді құрметтеу — халықты құрметтеу» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: келешек ұрпақты мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу, олардың маңызын түсіндіру, бойларында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды қадірлеуге баулу.
Просмотров: 4 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 04.06.2026
|
|

«Отанымыздың рәміздері – біздің мақтанышымыз» тақырыбында Раздольный ауылдық кітапханасында мектеп оқушыларының қатысуымен Рәміздер күніне арналған танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы мағлұмат берілді.
Сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылып, оқушылар мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы жөніндегі білімдерін ортаға салды. Қатысушылар белсенділік танытып, өз Отанын, мемлекеттік нышандарын құрметтеу әр азаматтың парызы екенін түсінді.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру.
Просмотров: 4 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 04.06.2026
|
|

Шилі ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Бостандық, бірлік және рухтың нышандары» атты әдеби-патриоттық ринг өткізілді. Іс-шараның мақсаты:өскелең ұрпақ пен оқырмандардың бойында патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілік пен мемлекеттік рәміздерге (Елтаңба, Ту, Әнұран) деген құрметті қалыптастыру, сондай-ақ ел тарихы туралы білімдерін тереңдету. Дәстүр бойынша іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын асқақтата және бірге орындаумен басталды. Бұл кешке ерекше патриоттық рух берді. Балалар да патриоттық тақырыпта өлең-жырларын мәнерлеп оқып шықты. Шара барысында қазіргі мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы, Туымыз бен Елтаңбамыздың әрбір элементінде қа
...
Читать дальше »
Просмотров: 5 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 04.06.2026
|
|

Дәмді ауылдық кітапханасы мәдениет үйімен бірлесе отырып, «Рәміздер – болашақ пен тарихтың байланысы» атты тарих терезесіне сапар сағат өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы мен Әнұранының шығу тарихымен танысып, олардың тәуелсіз еліміздің басты құндылықтары екені туралы мағлұмат алды. Оқырмандар рәміздердің пайда болу тарихына сапар шегіп, олардың ел бірлігі мен ұлттық рухты нығайтудағы маңызы жөнінде ой бөлісті. Танымдық шара жас ұрпақтың отансүйгіштік сезімін арттырып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін нығайтуға бағытталды.
Дамдинская сельская библиотека совместно с Домом культуры провела историко-познавательный час «Рәміздр - болашақ
...
Читать дальше »
Просмотров: 5 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 04.06.2026
|
|

Науырзым ауылдық кітапханасы ауыл әкімшілігі және мәдениет үйі бірлесе отырып , 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай “ Еліміздің асыл тірегі - рәміздер” атты іс шара өткізілді. Қатысушыларға мемлекеттік рәміздердің маңызы мен шығу тарихы таныстырылды .
Іс-шараның мақсаты- жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Еліміздік көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, Тәуелсіз Қазақстанымыздың мәртебесі асқақтай берсін!
Просмотров: 5 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 04.06.2026
|
|

Бүгін Науырзым аудандық орталық кітапханасында «Ту, Елтаңба, Әнұран — тірегіміз, Туған ел деп соғады жүрегіміз!» атты танымдық сағат өтті. Шараға еліміздің гүлденуі мен көркеюіне өз үлестерін қосып жүрген «Жасыл ел» жастар жасағының мүшелері қатысты.
Танымдық сағат барысында жастар: Елтаңба, Ту және Әнұранның шығу тарихымен танысты. Оқырмандар Ту, Елтаңба және Әнұранның тарихы туралы қойылған сұрақтарға өте дәл жауап берді.
Шара соңында егемендік атрибуттары мен ел тарихына арналған арнайы кітап көрмесіне шолу жасалды.
Просмотров: 5 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 04.06.2026
|
|

Оқырмандарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұран туралы жан-жақты мағлұмат беру, олардың шығу тарихымен таныстыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу, жастардың бойында отансүйгіштік сезім мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік рәміздердің маңызы мен мәнін түсіндіру, рәміздердің авторлары туралы ақпарат беру және ел тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылықты арттыру мақсатында Өлеңді ауылдық кітапханасында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Мемлекеттік нышандар – ел айбыны» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды.Іс-шара барысында қатысушыларға мемлекеттік рәміздердің тәуелсіз еліміздің басты н
...
Читать дальше »
Просмотров: 4 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 04.06.2026
|
|
|