
4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай, Науырзым аудандық орталық кітапханасында «Ел рәміздері елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде еліміздің Елтаңбасы, Туы мен Әнұранының шығу тарихын, қалыптасу жолын баяндайтын құнды кітаптармен қатар, мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген мазмұнды мақалалар мен тарихи зерттеулер қойылды. Мемлекеттік рәміздеріміздің авторлары, олардың терең мағынасы мен қабылдану тарихы туралы қызықты деректерді осы көрмеден таба аласыздар.