Главная » 2026 » Июнь » 01


1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Дәмді ауылында «Бақыт туын көтерген балалардың күні бұл» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Шара барысында балаларға арналған қызықты ойындар, көңілді эстафеталар, ән-билер мен түрлі байқаулар ұйымдастырылды. Бүлдіршіндер белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған мерекелік ортада уақыт өткізді. Сонымен қатар, балаларға тәтті сыйлықтар таратылып, қуанышқа бөленді. Мереке балғындардың жүздеріне шаттық сыйлап, жарқын әсер қалдырды.

1 июня в селе Дамды был проведён праздничный мероприятие «Бақыт туын көтерген балалардың күні бұл », посвящённый Международному дню защиты детей. В ходе мероприятия для детей были организованы интересные игры ... Читать дальше »

Просмотров: 5 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 01.06.2026 | Комментарии (0)


В Буревестненской сельской библиотеке состоялась празднично-игровая программа «Мир всем детям на планете», приуроченная к Международному дню защиты детей.

Просмотров: 6 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 01.06.2026 | Комментарии (0)


1 маусым – ең жарқын әрі ізгі мерекелердің бірі – Балаларды қорғау күні. Осы айтулы күнге орай аудандық балалар кітапханасы «Балалық шақтың гүлденген әлемі» атты мерекелік іс-шара өткізді. Шара басында кітапханашы балаларды мерекемен құттықтап, жазғы каникулды көңілді әрі пайдалы өткізуді тіледі. Бағдарлама барысында бүлдіршіндер үшін: қызықты конкурстар мен викториналар; спорттық эстафеталар; көңілді ойындар ұйымдастырылып, жұмбақтар жасырылды. Іс-шараның барлық қатысушылары көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған бұл күннен ерекше әсер алып, «Amanat» партиясының атынан тәтті сыйлықтарға ие болды. Бұл мереке кітапхана оқырмандарына жазғы демалыста да кітап оқуды ұмытпау керектігін тағы бір мәрте еске салд ... Читать дальше »

Просмотров: 8 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 01.06.2026 | Комментарии (0)


1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Өлеңді ауылдық кітапханасында «Кітаппен әлем мейірімді әрі жарқын» атты акция ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жас оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани құндылықтарды насихаттау және балалардың бос уақытын тиімді өткізуге ықпал ету болды.Шара барысында балаларға кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы әңгімеленіп, қызықты кітаптар таныстырылды. Жас оқырмандар сүйікті шығармалары туралы ой бөлісіп, кітап оқу мәдениеті жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар түрлі танымдық ойындар мен викториналар ұйымдастырылып, балалар белсенділік танытты. Акция балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттырды.

Просмотров: 4 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 01.06.2026 | Комментарии (0)


Науырзым ауылдық кітапханасында ауыл әкімшілігі мен мәдениет үйі ұйымдастыруымен 1 маусым- балаларды қорғау мерекесіне орай “Бар мейіріміміз-балаларға” атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында балалар түрлі ойындарға қатысып , өлең, тақпақтар айтып, өз өнерлерін көрсетті. Мерекелік кеш көтеріңкі көңіл- күй сыйлап бүлдіршіндердің шат күлкісіне бөленді. Балаларға жақсы көңіл- күй мен жарқын әсер сыйлаған шара тартымды өтті. Балалар еліміздің болашағы. Олардың бақытты балалық шағы мен жарқын келешегі бәріміз үшін маңызды.

Просмотров: 4 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 01.06.2026 | Комментарии (0)


1 маусым — жаздың алғашқы күні ғана емес, сонымен бірге ең жарқын әрі көңілді мереке — Халықаралық балаларды қорғау күні. Шилі ауылдық кітапханасы жаздың алғашқы күнінде балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, олардың қуанышы мен жағымды эмоцияларын арттыру мақсатында  “Біз-бақытты баламыз!” атты мерекелік микс ұйымдастырды. Эстафеталар, ойын, байқаулар және ашық аспан астындағы көңілді сурет салу ешкімді бейжай қалдырмады, әр бала өз шығармашылық қиялын көрсете білді. Мереке соңында барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар мен естелік тартулар табыс етілді. «Балалар — біздің болашағымыз, басты шабытымыз бен қуанышымыз. Әр баланың балалық шағы бақытты, қауіпсіз және ғажайыптарға толы болсын!
... Читать дальше »

Просмотров: 4 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 01.06.2026 | Комментарии (0)


«Балалардың күлкісі – әлемнің сәні» атты ойын-сауық бағдарламасы Раздольный ауылдық кітапханасында Балаларды қорғау күніне орай өткізілді.
Шараның мақсаты – балалардың мерекелік көңіл-күйін көтеру, бос уақыттарын қызықты әрі пайдалы ұйымдастыру. Бағдарлама барысында түрлі ойындар ойнатылып, қызықты сайыстар ұйымдастырылды. Балалар белсенді қатысып, өз өнерлері мен тапқырлықтарын көрсетті.
Мереке соңында бүлдіршіндерге сыйлықтар мен тәттілер таратылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Балалардың шат күлкісі мен қуанышы мерекенің сәнін келтіріп, барша қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдырды. Балаларға жарқын болашақ, зор денсаулық және бақытты балалық шақ тілейміз.

Просмотров: 4 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 01.06.2026 | Комментарии (0)


Шолақсай ауылында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ескерткіш жанында «Жаралы жылдар жаңғырығы» атты митинг-реквием өтті. Іс-шараға ауыл әкімдігі өкілдері, мәдениет қызметкерлері, кітапхана мамандары, мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Іс-шараның мақсаты – тарихи жадымызды сақтау, жас ұрпаққа ел тарихын құрметтеуді насихаттау және саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым ету.
Митинг барысында тарихтың қасіретті кезеңдері еске алынып, жазықсыз жапа шеккен жандардың рухына құрмет көрсетілді. Қатысушылар бір минут үнсіздік жариялап, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Тағылымды шара бейбітшілік пен әділдіктің, тарихи шындықты ұмытпаудың маңызын тағы бір мәрте айқындады.

... Читать дальше »

Просмотров: 5 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 01.06.2026 | Комментарии (0)


Мереке ауылдық кітапханасы мектеп ұжымы және мәдениет үйінің жетекшісімен бірлесіп, 1 маусым — Балаларды қорғау күніне орай «Шаттық пен достық мейрамы» атты ертеңгілік ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты: Балалар арасында достық пен татулықты насихаттау, өзара сыйластықты арттыру және бүлдіршіндерге көтеріңкі мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Просмотров: 3 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 01.06.2026 | Комментарии (0)


Шолақсай ауылдық кітапханасында балалардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, достық қарым-қатынасты нығайту және мерекелік көңіл-күй қалыптастыру мақсатында Балаларды қорғау күніне арналған көңілді ойын-сауық "В поисках сокровищ сказок" атты бағдарламасы өткізілді.
Балалар үшін қызықты квест-ойындар, батуттағы ойын-сауықтар, кенеп пен асфальтқа сурет салу алаңдары, жұмбақтар, түрлі байқаулар мен қызықты тапсырмалар ұйымдастырылды. Қатысушылар барлық белсенділіктерге зор қызығушылықпен қатысып, тапқырлықтарын, қиялдарын және командалық бірліктерін көрсетті.
Мереке балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жарқын әсерлер мен ұмытылмас сәттерге толы болды. Балалардың шат күлкісі мен ... Читать дальше »

Просмотров: 5 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 01.06.2026 | Комментарии (0)


31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Дәмді ауылдық кітапханасы мен мәдениет үйі бірлесе отырып, «Өткенге көз жүгіру – болашаққа сабақ» атты еске алу сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты – зұлмат жылдар құрбандарының тағдырын ұмытпай, тарихи шындықты дәріптеу, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен өткенге құрмет сезімін қалыптастыру. Шара барысында тарихи деректерге шолу жасалып, қуғын-сүргін құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынды. Қатысушылар тарихтан тағылым алып, өткеннің ауыр сабақтарын зерделеудің маңыздылығы жөнінде ой бөлісті.

31 мая, в День памяти жертв политических репрессий и голода, Дамдинская сельская библиотека совместно с Домом к ... Читать дальше »

Просмотров: 51 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 01.06.2026 | Комментарии (0)


31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Раздолный ауылдық кітапханасында «Азаттық жолындағы запты жылдар» атты еске алу кітап көрмесі рәсімделді.
Көрменің мақсаты – саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдырын таныстыру, олардың ел тәуелсіздігі жолындағы күресін насихаттау және тарихи жадымызды жаңғырту. Көрмеге ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін кезеңі, Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметі, халқымыздың басынан өткен қиын-қыстау жылдар туралы кітаптар мен тарихи деректер қойылды.
Кітапхана оқырмандары көрме материалдарымен танысып, өткен тарихымыздан тағылым алып, азаттық жолында құрбан болған азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Мұндай шаралар жас ұрпа ... Читать дальше »

Просмотров: 7 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 01.06.2026 | Комментарии (0)


Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай аудандық кітапхана мен мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Бір сәт күрсінетін күн» атты еске алу кеші өтті. Шараға мәслихат төрағасы, «AMANAT» партиясы Науырзым аудандық филиалының атқарушы хатшысы, ардагерлер клубының мүшелері, аудан прокурорының орынбасары, полиция бөлімінің қызметкерлері және басқа да шақырылған қонақтар қатысты. Жиын соңында қатысушылар назарына арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесі ұсынылып, шолу жасалды.

Просмотров: 9 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 01.06.2026 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях